Ол дер кезінде емделу
Жыл сайын дүниежүзінде бас пен мойынның жазық жасушалық обырына шалдығудың 1 116 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталып жатады, солардың арасынан жыл сайын 763 000 адам көз жұмады екен.
Ал Қазақстанда жыл сайын бас пен мойын ісігі бойынша шамамен 1700 жағдай тіркеледі. Оның басым бөлігі – кеселдің таралуы III-IV сатыға сәйкес келетін емделушілер. Бас пен мойындағы обырды емдеу үшін жасалатын отадан адамдар әдетте жарымжан, мүгедек болып қалады. Ал дер кезінде емделген жағдайда науқас адамдардың аман қалуы 80-90 пайызды көрсетіп отыр.
Жуырда осыған орай, Астанада онколог, стоматолог және оториноларинголог дәрігерлердің қатысуымен «Бас пен мойын ісіктерін ерте кезеңде диагностикалаудағы алуан түрлі ғылым салаларын үйлестірген тәсілдеме» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Бас пен мойын обырын ерте кезде диагностикалау еуропалық апталығы 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылады, оның негізгі мақсаттары: санитарлық саламаттылықты қамтамасыз етудің негізінде халықтың денсаулығын нығайту, қауіп-қатер факторларының алдын алу, пайдалы тағамдармен тамақтануды насихаттау және саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Конференция жұмысына ҚазОжР ҒЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова, «Ресей ФМБА БАИ» ФМББМ онкология және реконструкциялық пластикалық хирургия кафедрасының меңгерушісі, РҒА корреспондент-мүшесі, профессор Игорь Решетов, Астана қаласының Онкология орталығының бас дәрігері, «Астана қаласының онкологтары мен радиологтары қауымдастығы» ҚБ төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Мұхтар Төлеутаев, Астана қаласы ДБ «Стоматология оқу-клиникалық орталығының» директоры, штаттан тыс бас стоматолог Астан Жангереев, Онкология орталығының бас пен мойын бөлімінің меңгерушісі Дархан Ахмедин қатысты.
Бас пен мойын обыры таралу ауқымы жағынан қатерлі ісіктердің арасында 6-шы орында тұр. Бұл кеселді хирургиялық жолмен емдеудің, химиялық, радио және таргеттік терапияның тиімді әдістері бар болғанына қарамастан, науқас адамдардың арасындағы өлім-жітім диагноз қойылғаннан кейінгі 1-ші жылдың ішінде 50%-ға жетіп отыр. Онкологтар бас пен ми обырына шалдыққан адамдар санының күрт өсуіне қатты алаңдап отыр.
Ісікке шалдыққан науқастар ауруының асқыну себептерін талдау мынадай жағдайды көрсетті: науқас адамдардың 6,5%-ында аурудың асқынуы оның еш нышансыз және аз ғана белгімен өтуіне байланысты болған; 17,5%-ында дененің бұл бөлігінде қатерлі ісіктің болу ықтималы бойынша хабарсыздығынан және өзін-өзі емдеуінен болған; 25,5%-ында мұның себебі – жалпы бейіндегі дәрігерлердің (терапевт, хирург) онкологиялық қырағылығының жеткіліксіздігінен; 50,5%-ында бұл оториноларинголог және стоматолог мамандардың жіберген қателіктерінен орын алған.
Бастапқыда диагноздың қате қойылуы емнің де дұрыс болмауына әкеледі, науқасқа ауыз-мұрын қуысын шайып, әртүрлі жақпа май жағу ұсынылады, қабынуға қарсы ем шаралары, физиотерапия процедуралары, компресс, тісті жұлу және хирургиялық араласу шаралары қолданылады. Осының нәтижесінде бас пен мойын обыры көбіне-көп аурудың кейінгі сатыларында, оны емдеу өте қиындаған кезде анықталады. Ал диагноз неғұрлым ертерек қойылса және дұрыс ем белгіленсе, сырқаттанған адамның жазылуға мүмкіндіктері соғұрлым көбірек болады. Адамды өлімнен сақтап қалу үшін әр күннің маңызы зор десек, артық айтқандық болмас.
Бұл еуропалық апталық шарасын өткізу кезінде мамандар 1 600-ден астам адамды тексеруді жоспарлап отыр. Апталық екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең барысында ЛОР мамандары мен стоматологтар Қазақстан мен Ресейдің жетекші онкологтарынан бас пен мойын ісіктерін ерте сатыда диагностикалау әдістерін оқып-үйренеді. Екінші кезеңде, 2016 жылдың 19-23 қыркүйегі аралығында онкологиялық диспансерлердің негізінде азаматтарды тегін қабылдау жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, апталық Қазақстанның төрт қаласында: Алматы, Қарағанды, Өскемен және Астана қалаларында болып өтті. Қазақстандықтар 8-800-080-5058 «жедел желі» телефоны арқылы 1 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында диагностикаға жазылып, мамандарға көрініп, тегін скринингтен өте алады.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы: Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32