16 Шілде, 2016

Елбасы еңбегіне – жоғары баға

218 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
President Мемлекет басшысының атына шетел мемле­кет­­тері мен үкіметтерінің басшыларынан, саяси қай­рат­кер­лерден, шетелдік және отандық компа­ния­­лар­дың жетекшілерінен, бизнес, ғылым, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдерінен, сондай-ақ, қарапайым азамат­тардан оның туған күніне, Астана күніне және Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жыл­дардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты көптеген құттықтау хат келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз жолдауында Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытудағы оның еңбегін атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының еуразиялық кеңістіктегі тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үле­сі­не т­оқталды. «ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді. Сізбен достық қарым-қатынасымыздың және Ресей-Қазақстан байланыс­тары­ның бүкіл ауқымын одан әрі нығайту бағытындағы бір­лескен сындарлы жұмыс­тар­дың жалғасатынына сенемін», – делінген хатта. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай жылы лебізін білдірді. «Қазақстан мен Қытай арасын­дағы ынтымақтастықты, жеке дос­тық­­ты және өзара қарым-қатынас дең­­гейін жоғары бағалаймын. Сіз­бен жуық­та Ташкентте болған кез­десу бары­сында біз маңызды уағда­лас­тық­тар­ға қол жеткіздік және екіжақ­ты өзара қарым-қатынастарды одан әрі ны­ғайту, түрлі салалардағы ынты­мақ­­тас­тықты дамыту мәселе­лері жөнін­де пікір алмастық», – делінген жолдауда. Бұдан бөлек Си Цзиньпин екі мемлекет халықтарының игілігі жолында жан-жақты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мақсатымен одан әрі ынтымақтасуға әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қырғыз Респуб­ли­ка­сының Президенті Алмаз­бек Атамбаев, Тәжікстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Республи­касы­ның Президенті Александр Лука­шен­ко, Украина Президенті Петр Поро­шенко, Әзербайжан Республи­ка­сы­ның Президенті Ильхам Әлиев, Армения Республикасының Пре­зиденті Серж Саргсян, Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвили, Израиль Мемлекетінің Президенті Реувен Ривлин құттықтау жеделхат­тарын жолдады. Мемлекет басшы­лары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Оның Қазақ­станның қарқынды дамуын­дағы баға жетпес рөлін атап өтіп, жауапты қызметінде табысты болуына тілектестіктерін білдірді. Өзбекстан Республикасының Прези­денті Ислам Кәрімов өз құт­тық­тауында Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2017-2018 жыл­дардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы еліміздің халықаралық аренадағы биік беделі­нің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуы болып саналатынын атап өткен. Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуел­сіз Қазақстанның көшбасшысы ретін­дегі қызметі мен жүргізіп жатқан реформалары халықаралық және шетелдік ұйымдар мен құрылымдар өкілдерінен оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтауларда жоғары бағаланған. Олардың қатар­ын­да ЕЭК коллегиясының төраға­сы Т.Саркисян, ТМД атқару­шы комитетінің төрағасы – атқару­шы хатшы С.Лебедев, ТМД эконо­ми­калық сотының төрағасы Л.Камен­кова, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжа, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүше­сі, Еуропа, Еуразия істері және жаңа сын-қатерлер жөніндегі төр­аға Д.Рорабакер, Латвия атынан Еуропа Парламентіндегі депутат, ЕП-ның Орталық Азия жөніндегі делегациясының төрағасы И.Гри­гуле, ҚХР Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй, Болгария Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі В.Петков, Палестина Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі М.Абу Зейд бар. Қазақстан Президентінің туған кү­ні және Астана күнімен құт­тық­­таулардың бірқатары Ресей Феде­рациясынан келіп түсті. Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев, Сыртқы барлау қызметінің директоры М.Фрадков, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Ресин, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, Башқұртстан Республикасының басшысы Рүс­тем Хамитов, Ингушетия Рес­пуб­ликасының басшысы Юнус-бек Евкуров, Дағыстан Респуб­ли­касының басшысы Рамазан Абдулатипов, губернаторлар: Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Курск облысының губер­­наторы А.Михайлов, Пенза об­лы­сының губернаторы И.Белозерцев, Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы А.Петренко, Татарстанның тұң­ғыш президенті М.Шаймиев өз хаттарын­да Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жасам­паз белсенділігін атап өткен. Елбасының атына Ресей және шетелдік іскер топтар өкілдерінің жолдаған хаттарында экономикалық жетістіктер ғана айтылып қой­май, Қазақстан халқын өзгерістер жолын­да біріктірген қоғамдық келісім сая­сатының тиімділігі де атап өтіл­­­ген. Нұрсұлтан Назарбаевты ту­ған күнімен және Астана күн­і­мен құт­тықтағандар: Сауда-өнер­кәсіп пала­та­сының президенті С.Катырин, «Ресей темір жолдары» ААҚ пре­зиденті О.Белозеров, «Газпром» КАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Газпром мұнай» ААҚ бас директоры А.Дюков, «Росатом» мемкорпорациясының бас дирек­торы С.Кириенко, «Сбербанк» КАҚ Басқарма төрағасы Г.Греф, Еуразия­лық даму банкінің төрағасы Д.Панкин, «Роснано» БК» ЖШҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Банк ВТБ» КАҚ басқарма төр­аға­­сы А.Костин, «Русал» ком­па­­­­ни­я­­­сының бас директоры О.Дерипаска, «Транснефть» АК» ААҚ вице-президенті В.Рушайло, «Руснефть» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Гуцериев, «Мечел» КАҚ директорлар кеңе­сінің төрағасы И.Зюзин, «БПС-Сбербанк» ААҚ басқарма төр­ағасы С.Инюшин, «Арети» халық­ара­лық компаниялар тобының пре­зи­денті И.Макаров, «Интер РАО ЕЭС» энергетика компаниясы мен «Мир» мемлекетаралық телера­дио­компаниясының өкілдері, «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци, Engineering and Construction Consolidated Contractors Company компаниясының президенті С.Кхури. ТАСС ақпарат агенттігі бас ди­рек­торының бірінші орынбасары М.Гусманның, «Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясы» халы­қ­ара­лық бірлестігінің бас хат­шы­сы В.Щербаковтың, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қа­ты­­настар институтының ректоры, РҒА ака­демигі А.Торкуновтың, мем­­лекет­аралық әуе комитетінің төрағасы Т.Анодинаның, Ресей көркемөнер академиясының прези­денті З.Церетелидің, Еуропалық герон­тология және гериатрия қауым­­дас­тығының президенті В.Хавин­сонның Қазақстан Президентіне жолдаған құттықтау хаттарында туған күніне және Астана күніне орай жылы лебіздер айтылған. Мемлекет басшысын туған күні­мен және Астана күнімен құттық­­­­таған көптеген хаттар мен жедел­­­хаттар ел азаматтарынан, сон­дай-ақ, республикамыздың түрлі кәсіп­­орын­дары мен мекемелерінің ұжым­дарынан да келіп түсті. Қазақстан Президентінің елдің жүйелі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру ісіндегі еңбегін «Қазмырыш» компаниялар тобының, ERG, «Теңізшевройл» ЖШС еңбек ұжымдары атап айтқан. Қазақстан Президентінің атына Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстан Митрополиті Александрдан, Қазақ­стан кәсіподақтары федера­ция­сының төрағасы Б.Қажиевтан, «Алжир» сая­си қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалдық-мұражай кешені» МКҚК директоры Б.Жүнісбековтен, Қазақстанның халық әртісі Б.Аюхановтан, Ұлы Отан со­ғы­сының ардагері, Алматы қа­ласы­ның Құрметті азаматы С.Жиен­­баев­тан, WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бо­йын­ша орта салмақтағы Әлем чем­пионы Г.Головкиннен, «Елбасы-курстастары» қоғамдық қорының, Теміртау қаласының «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен, Алматы облысы Қарасай ауданының Ардагерлер кеңесінен, Алматы қалалық фашизмнің кәме­летке толмаған бұрынғы тұтқын­дары ұйымынан, Оңтүстік Қазақ­стан облысының этномәдени бір­лес­тіктері мен ардагерлерінің өкіл­дерінен, «Жанубий Козогистон» және «Кешкі Талдықорған» газет­терінен құттықтаулар келіп түсті. Қуатты Қазақстан табыстары Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тіке­лей байланысты екені атап өтіл­ген көптеген құттықтау хаттар білім беру мен денсаулық сақтау саласының мекемелері мен қызметкерлерінен келіп түсті. Олардың қатарында Қазақ Ұлттық аграрлық универ­ситетінің ректоры Т.Есполов, Қазақ­станның халық әртісі, Қазақстан Ұлттық өнер университетінің рек­торы А.Мұсақожаева, Ресей жараты­лыс­тану академиясының профес­соры М.Өтеубаев, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ә.Бейсенова, әде­биеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі С.Қирабаев, Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Е.Мәмбетқазин және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ, Қарағанды мемлекеттік тех­ни­калық университетінің, Оңтүс­­тік Қазақстан облысының ден­саулық сақтау басқармасы мен жетекші медициналық мекеме­лері­нің, Астанадағы «Дәстүрлі және халықтық медицина орталығы» ЖШС-нің ұжымдары бар. Алматыдан Г.Дәркембаева мен Шефузовтар отбасы, Оралдан А.Вантеев, Талдықорғаннан А.Жұ­ман, Теміртаудан Б.Қал­ма­ханов, Шым­кенттен Е.Көпжасар­ұлы, Тараз­дан Т.Омаров өз құттық­тау­ларын өлеңмен өрнектеген. Сондай-ақ, Мемлекет бас­шы­­сын туған күнімен және Астана күнімен құттықтап, ізгі тілек­терін Алматыдан С.Люлина, Қараған­дыдан А.Барлықбаев, Шым­кент­тен Д.Ирисова, Қостанай­дан Н.Ольченко, Алматы облысынан Т.Чу­наева жолдады. Құттықтаулардың арасында еліміздің Азия-Тынық мұхиты мем­лекеттері тобынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байла­ныс­­ты хаттар да бар. ТМД Парламентаралық ассам­б­­лея кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, сондай-ақ, оның орын­басары – ҚР Парламентінің ТМД Пар­ламентаралық ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік ассамб­леясындағы өкілі Х.Бәкенов, «Шеврон» корпорациясы директор­лар кеңесінің төрағасы және бас ат­қарушы директоры Дж.Уотсон Қазақ­станның әлемдік аренадағы беделі жоғары екенін атай отырып, Мемлекет басшысының республи­каны дамыту жолындағы көпқырлы қызметінде жаңа табыс­тарға жетуіне тілектестіктерін білдірген. Тарихи оқиғаға байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа велосипед спортынан Олимпиада чемпионы А.Винокуров жылы лебізді құттық­тауын жолдады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіне сайлау­дағы Қазақстанның жеңісі шы­ғармашыл зиялы қауымның, сондай-ақ, білім, өнер және мәдениет салаларының өкілдері арасында да кеңінен қолдау тапты. Ұлттық академиялық кітапхананың, Қазақ­стан Республикасының Орта­лық мемлекеттік музейінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының, П.Чайковский атын­дағы Алматы музыка колледжі­нің, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің, О.Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік-қолданбалы өнер колледжінің, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, «Астана балет» театрының, М.Әуезов атын­­дағы Қазақ мемлекеттік ака­­де­мия­лық драма театрының, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кет­тік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының, Мем­лекеттік академиялық би театрының, Құрманғазы атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық халық аспап­тары оркестрінің, «Салтанат» мем­ле­кеттік би ансамблі­нің ұжым­дары құттықтауларын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жеделхаттар бірқатар мемлекеттік қайраткерлерден, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жетекшілерінен, Қазақстанның саяси партиялары өкілдерінен, сондай-ақ, еліміздің шетелдердегі дип­ломатиялық миссиялардың бас­шы­ларынан келді. Келіп түскен хаттармен танысқан Мемлекет басшысы құттықтау жолдаған барша авторларға жылы лебіздері мен тілектері үшін зор алғысын білдірді.