21 Тамыз, 2016

Рио-2016: Кубалық Арлен Лопес – Олимпиада чемпионы!

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Снимок

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың боксшылар бәсекесінде бүгінгі соңғы финалдық жекпе-жек аяқталды. Онда кубалық Арлен Лопес өзбек Бектемир Меликузиевті 3:0  етіп ұтып, Олимпиада чемпионы атанды. Бұған дейін әйелдер арасында 51 кг салмақтағы британиялық Никола Адамс пен 56 кг салмақтағы кубалық Робейси Рамирес жеңіске жетіп, Олимпиялық ойындардың екі дүркін чемпионы атанған еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ