23 Тамыз, 2016

Алматы – Анталия бағытындағы рейстер тоқтатылды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-08-16-Airoport Анталия аэропортында орын алған өртке орай Алматы – Анталия бағытындағы барлық рейстер уақытша тоқтатылды. Дегенмен, Алматы аэропортындағы анықтама қызметінің хабарлауынша, тек бір рейс кейінге шегерілмеген, онда жолаушыларды тіркеу жұмыстары жалғасуда. Айта кетейік, Анталиядағы аэропортта барлық қалаларға қатынайтын рейстер кейінге шегерілген. Қазіргі таңда ондағы өрт толық сөндірілді. Талғат Райымбек