02 Қыркүйек, 2016

Омбыда «Астана – Еуразия жүрегі» атты көрме ашылды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-09-16-korme Аталған көрме Ресейдің Омбы облысындағы тарихи мұрағатында ашылды. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, көрме Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына ұйымдастырылған. Шараны Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты жүзеге асыруда. Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Эльдар Қонаев, Омбы облысының мәдениет вице-министрі Людмила Чекалина және Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова қатысты. Шараның мақсаты – Омбы тұрғындары мен қонақтарын Астананың тарихымен таныстыру және Қазақстан мен Ресейдің мәдени мекемелерінің арасындағы байланысты нығайту. Көрмеге 100 астам экспонат қойылған. Экспозицияның әрбір бөлімінде қаланың Акмолинск деп аталған 1832 жылдан бастап елорданың қалыптасуының барлық кезеңдері көрініс тапқан. Мұнда жәрмеңкелер, ауруханалар, мектептер, банктер және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңызды мекемелердің ашылуына қатысты материалдар, сондай-ақ, Акмолинск қаласының фотосуреттері қойылған. Көрме 26 тамыз – 26 қыркүйек аралығында өтеді. Омбы облысының тарихи мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге келушілер саны күн сайын артып келеді. Талғат РАЙЫМБЕК