Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2015 жылғы 30 маусым № 483
Астана қаласы Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
2015 жылғы 26 маусым №441
Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________ М.ҚҰСАЙЫНОВ Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
_____________ В.ШКОЛЬНИК
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________ С.Айтпаева
30 маусым 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2015 жылғы 15 мамырда № 11082 тіркелді) Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы, ол сондай-ақ тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құруға, Қазақстан Республикасының тауарлы және сұйытылған газға деген ішкі қажеттіліктерін іркіліссіз қамтамасыз ету мүмкіншілігіне кері әсер етіп, Қазақстан Республикасындағы тұтынылатын отын-энергетикалық ресурстардың жалпы көлемінде тауарлық және сұйытылған газ үлесінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін;
2) тексеру субъектілері – тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ өндірушілері, газ желісі, газ тарату және газ тасымалдау ұйымдары;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – газ және газбен жабдықтау саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері.
3. Газ және газбен жабдықтау саласында ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
2. Объективті критерийлер
4. Газ және газбен жабдықтау саласындағы объективті критерийлер келесі сатылар арқылы қалыптастырылады:
1) тәуекелді анықтау;
2) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатпайтын) бөлу және ішінара тексерулер жүргізілетін тәуекел дәрежесін газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдерді ескере отырып айқындау.
5. Жоғары дәрежеге жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары жүргізіледі.
6. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметін жүзеге асыратын келесі субъектілер (объектілер) жатады: тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ өндірушілер, газ желісі, газ тарату және газ тасымалдау ұйымдары.
3. Субъективті критерийлер
7. Субъективті критерийлер келесі сатыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
1) деректер базасын құру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
8. Деректер базасын құру және ақпарат жинау газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын тексерілетін субъектілерді (объектілерді) анықтау үшін қажет.
9. Субъективті критерийлерді талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тексеруді айқындау үшін қажет.
10. Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдердің дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері пайдаланылады:
1) тексерілетін субъект ұсынатын есептілікті мониторингтеу нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 желтоқсанда № 9957 болып тіркелген);
2) алдыңғы тексерулер нәтижелері, бұл ретте бұзушылық деңгейінің ауырлығы (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрініс тапқан заңнама талаптарын бақылау жағдайында бекітіледі;
3) расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны;
4) бақылаудың өзге нысандарының нәтижелері.
11. Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдердің дәрежесін бағалау осы Критерийлерге 1-қосымшада көрсетілген газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлерінің есебімен бағаланады.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективтік критерийлердің деректері қолданылмайды.
12. Тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері талаптардың үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Өрескел дәрежедегі бір талаптың орындалмауы 100 көрсеткішіне теңеледі және бұл ішінара тексеру жүргізуге негіз болып табылады.
13. Өрескел дәрежедегі талаптар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі талаптардың қосынды көрсеткіші есептеледі.
14. Елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін анықтаған кезде 0,7 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
ΣРз = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,7
мұндағы:
ΣРз - елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 – тексерілетін субъектінің (объектінің) тексерілуіне (талдауға) қойылатын елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
ΣР2 – елеулі дәрежедегі бұзылған талаптар саны.
15. Болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін анықтаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және мына формула бойынша есептелінеді:
ΣРн = (ΣР2 х 100/ΣР1) х 0,3
мұндағы:
ΣРн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣР1 - тексерілетін субъектінің (объектінің) тексерілуіне (талдауға) қойылатын болмашы дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
ΣР2 - болмашы дәрежедегі бұзылған талаптар саны.
16. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формулаға сәйкес көрсеткіштер қосындысы арқылы анықталады:
ΣР = ΣРз + ΣРн
мұндағы:
ΣР - тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣРз - елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
ΣРн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші.
17. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
1) жоғары тәуекел дәрежесі – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері осы Критерийдің 1-қосымшасында келтірілген.
18. Ішінара тексеру жүргізу мерзімділігі субъективті критерийлер бойынша алынатын мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен аспауы тиіс.
19. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға (жартыжылдыққа, жылға) қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
20. Ішінара тексерулердің тізімдері:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық адамдарына түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері
Ақпарат көзі Критерийлер Көрсеткіш дәрежесі
1 2 3
1. Өндірушілер
Есептілікті мониторингтеу нәтижелері Есептілік үш және одан да көп рет ұсынылмады Өрескел
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті қайта дұрыс емес ұсыну Елеулі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті мерзімін бұза отырып ұсыну Болмашы
Алдыңғы тексеру нәтижелері (ауырлық дәрежесі талаптары орындамаған кезде анықталады) Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімінің сақталмауы Өрескел
Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттік артықшылықты құқығының сақталмауы Өрескел
Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен бағасынан асырмау міндетінің сақталмауы Өрескел
Ұлттық операторға иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығару бойынша коммерциялық ұсынысты белгіленген мерзімдерінің сақталмауы Өрескел
Ішкі нарықтағы тауарлық және сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасының сақталмауы Өрескел
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерінің сақталмауы Елеулі
Есепке алудың бақылау аспаптарының болмауы Елеулі
Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспарының орындалмауы Елеулі
Мыналардағы:
1) автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы;
2) тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталмауы Елеулі
Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны Үш және одан да көп расталған шағым мен арыздың болуы Өрескел
Екі расталған шағым мен арыздың болуы Елеулі
Бір расталған шағым мен арыздың болуы Болмашы
2. Газ желісі ұйымдары
Есептілікті мониторингтеу нәтижелері Есептілік үш және одан да көп рет тапсырылмаған Өрескел
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті қайта дұрыс емес ұсыну Елеулі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті мерзімін бұза отырып ұсыну Болмашы
Алдыңғы тексеру нәтижелері (ауырлық дәрежесі талаптары орындамаған кезде анықталады) Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерінің сақталмауы Өрескел
Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету шарттарының сақталмауы Елеулі
Сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасының сақталмауы Елеулі
Сол бір ғана газ толтыру стансаларын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына жол беру Елеулі
Сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына жол беру Елеулі
Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асырмау Елеулі
Толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексермеу Елеулі
Тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асырмау Елеулі
Тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын бермеу Елеулі
Газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етпеу Елеулі
Сұйытылған мұнай газын өткізуді есепке алудың бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып жүзеге асырмау Елеулі
Мыналардағы:
1) автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы;
2) тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталмауы Елеулі
Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны Үш және одан да көп расталған шағым мен арыздың болуы Өрескел
Екі расталған шағым мен арыздың болуы Елеулі
Бір расталған шағым мен арыздың болуы Болмашы
3. Газ тарату ұйымдары
Есептілікті мониторингтеу нәтижелері Есептілік үш және одан да көп рет тапсырылмаған Өрескел
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті қайта дұрыс емес ұсыну Елеулі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті мерзімін бұза отырып ұсыну Болмашы
Алдыңғы тексеру нәтижелері (ауырлық дәрежесі талаптары орындамаған кезде анықталады) Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімінің сақталмауы Өрескел
Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттік артықшылықты құқығының сақталмауы Өрескел
Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етпеу Өрескел
Сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасының сақталмауы Өрескел
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерінің сақталмауы Елеулі
Мына шарттардың сақталмауы:
1) тауарлық газдың иелеріне магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсыну;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсыну;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар ету Елеулі
Тауарлық газдың көлемін есепке алуды есепке алу аспаптарының болуы және өткізілетін тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректерді ұлттық операторға бермеу Елеулі
Тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызметтің болмауы Елеулі
Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны Үш және одан да көп расталған шағым мен арыздың болуы Өрескел
Екі расталған шағым мен арыздың болуы Елеулі
Бір расталған шағым мен арыздың болуы Болмашы
4. Газ тасымалдау ұйымдары
Есептілікті мониторингтеу нәтижелері Есептілік үш және одан да көп рет тапсырылмаған Өрескел
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті қайта дұрыс емес ұсыну Елеулі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығымен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларында қарастырылған есептілікті мерзімін бұза отырып ұсыну Болмашы
Алдыңғы тексеру нәтижелері (ауырлық дәрежесі талаптары орындамаған кезде анықталады) Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімінің сақталмауы Өрескел
Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету шарттарының сақталмауы Өрескел
Бір ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екі және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салу шартарының сақталмауы Өрескел
Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерінің сақталмауы Өрескел
Газды есепке алу аспаптарының болуы және тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректерді ұлттық операторға беру Өрескел
Тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызметтің болмауы Өрескел
Мына шарттардың сақталмауы:
1) тауарлық газдың иелеріне магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсыну;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсыну;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар ету Елеулі
Мына жағдайларда тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тарту талаптарын орындамау:
1) тауарлық газ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес;
2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгінгенге дейін бір ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін иеліктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсыну. Елеулі
Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны Үш және одан да көп расталған шағым мен арыздың болуы Өрескел
Екі расталған арыз мен шағымның болуы Елеулі
Бір расталған шағым мен арыздың болуы Болмашы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 483 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 441
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағы
Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ өндірушілері, газ желісі, газ таратушы, газ тасымалдаушы ұйымдарға қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт ______________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы) ________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ___________________________________________________
Орналасу мекен-жайы____________________________________________________________________________
№ Талаптар тізбесі Талап етіледі Талап етілмейді Талаптарға сәйкес келеді Талаптарға сәйкес келмейді
1 2 3 4 5 6
1. Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газ өндірушілері
1 Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығын сақтау
2 Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттік артықшылықты құқығын сақтау
3 Жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен бағасынан асырмау міндетін сақтау
4 Ұлттық операторға иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығару бойынша коммерциялық ұсынысты белгіленген мерзімдерін сақтау
5 Ішкі нарықтағы тауарлық және сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасын сақтау
6 Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау
7 Есепке алудың бақылау аспаптарының болуы
8 Ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газын беру жоспарын орындау
9 Мыналардағы:
1) автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы;
2) тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталмауы
2. Газ желісі ұйымдары
10 Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларының рұқсат беру талаптарына сәйкес меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болуы
11 Мамандандырылған өндірістік ғимараттардың болуы
12 Инженерлік құрылыстардың болуы
13 Газ сақтау объектілерінің болуы
14 Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларының рұқсат беру талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, оның ішінде: қауіпті өндірістік объектілерді және техникалық қондырғыларды өндірістік бақылауды; газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды, газ тұтыну жүйелерін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді; сұйытылған мұнай газын сақтау, тасу және өткізу объектілерін пайдаланудың техникалық процесін сақтауды; вагон-цистерналарда келіп түсетін сұйытылған мұнай газының кірісін бақылау және өткізілетін (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды; еңбекті, қауіпсіздік техникасын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды; метрологиялық бақылауды; өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; күзет қауіпсіздігін; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және жауапты тұлғалардың болуы
15 Тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен, мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандардың техникалық басшыларының білікті құрамы (техникалық басшылары үшін – мұнай-газ саласындағы жоғары білімі, мамандар үшін – техникалық персоналдың жалпы санының кемінде 50 %-ы және кем дегенде арнайы орта білімі) болуы
16 Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау
17 Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету шарттарын сақтау
18 Сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасын сақтау
19 Сол бір ғана газ толтыру стансаларын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына жол бермеу
20 Сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына жол бермеу
21 Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы,өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралар; аварияларды жою және қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің бекітілген өзара іс-қимыл жоспарының болуы
22 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздік декларациясының болуы
23 Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы
24 Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыру
25 Толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеру
26 Тұрмыстық баллондарды газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыру
27 Тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беру
28 Газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
29 Сұйытылған мұнай газын өткізуді есепке алудың бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізе отырып жүзеге асыру
30 Мыналардағы:
1) автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы;
2) тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүзеге асыру жөніндегі талаптардың сақталмауы
3. Газ тарату ұйымдары
31 Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімін сақтау
32 Қазақстан Республикасының басқа тұлғаларының алдында Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі иеліктен шығарылатын шикі газды, сондай-ақ өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылар өндірген және өздеріне Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес тиесілі тауарлық газды сатып алуға мемлекеттік артықшылықты құқығын сақтау
33 Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету
34 Сұйытылған мұнай газының көтерме саудасының шекті белгіленген бағасын сақтау
35 Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау
36 Мына шарттарды сақтау:
1) тауарлық газдың иелеріне магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсыну;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсыну;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар ету
37 Тауарлық газдың көлемін есепке алуды есепке алу аспаптарының болуы және өткізілетін тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректерді ұлттық операторға беру
38 Тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызметтің болуы
4. Газ тасымалдау ұйымдары
39 Мемлекеттің басқа тұлғалардың алдында тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің иеліктен шығарылатын объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерін және тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға басым құқығы бар белгіленген мерзімін сақтау
40 Газ тарату жүйесіне немесе топтық резервуарлық қондырғысына қосылған тұтынушыларды тауарлық немесе сұйытылған мұнай газымен іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз ету шарттарын сақтау
41 Бір ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екі және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салу шартарын сақтау
42 Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтау
43 Газды есепке алу аспаптарының болуы және тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректерді ұлттық операторға беру
44 Тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызметтің болуы
45 Мына шарттарды сақтау:
1) тауарлық газдың иелеріне магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсыну;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос т