22 Қазан, 2016

Төрт басылымды төрге шығарған

503 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
gulzhanatАй сайын бір нөмірді бір нөмірге жалғап, салалық басылымдардың қатарын толықтырып, журналдарын тоқтаусыз шығарып келе жатқан журналист Гүлжанат Құстанова жақында Алматыда өз ісінің 10 жыл­дығын атап өтті. «Мектептегі психология. Психология в школе», «Білім кілті – Ключ знаний», «Педа­гог», «Мектептегі мерекелер» секілді төрт бірдей журналды шығарып отырған бас редактор Гүлжанат Құстанова­ның еңбегін жанкештілік деп бағаласақ та артық емес. Осы айда журналдың 100-нөмірін жарыққа шығарған Гүл­жа­нат Шаймерденқызы он жыл бойғы қиын да жауапты еңбегіне есеп беріп, нәсіп болып отырған кәсібі­нің қуанышын ұстаздар қауымымен, өзіне демеу, сүйеніш болып келе жатқан жанашырларымен бірге атап өтуде. ҚазМУ-ды 1982 жылы жур­налистика мамандығы бой­ынша тәмамдап, біраз жыл Қазақ радиосында қызмет еткен Гүлжанат Құстанованың есімі тың­дар­манға да, оқырманға да жақсы таныс. Мұғалімдерді кезекті аттестаттаудан өткізу кезінде оларға педагогикалық қыз­метін, білім-білігін кең­і-­­­ нен көр­сететін міндетті ма­қала шығару тала­бы қойылады. Журналды жа­рыққа шы­ғарудағы мақ­сат та сол, мектептерге ар­налған әдістемелік мақа­ла­лар әзірлеу, білімге байла­нысты ғалымдардың, мұ­ғалімдердің, ата-аналардың ой-пікірлерін жариялауға мүмкіндік жасау болатын. Қоғамдағы сұраныстың өзі түрткі болып дүниеге келген басылымдар он жыл бойы осы мақсат үдесінен шығып келеді. Мамандығы журналист болған­дық­тан, білім мен ұстазға арналған басылымдарды шығару Гүлжанат Құс­тановаға қиындық ту­дырмады. Психологияға байланысты журналды жарыққа шығару туралы ойын айтып, кеңес сұрап бар­ған­да, осы саладағы бі­лі­к­ті ғалым, психология ғы­лым­дарының докторы, профес­сор Құбығұл Жарық­ба­ев ағынан жарыла батасын беріп, қуана құптаған екен. Алғашқы нөмірінен бас­тап күні бүгінге дейін ай­тулы ғалым әрбір санның маз­мұнды да мағыналы болуын қадағалап, жан-жақты бағдар беруде кө­мегін аямай келеді. Еліміз­де психология ғылым ре­тінде кенже қалып, енді дами бастаса, Ресей мен Украинада тек бұл салаға бай­ланысты 200-ге тарта басылым жарық көреді. Орны ол­қы тартып тұрған осы ғы­лым­ға арнап «Мектептегі пси­хология» журналын шы­ға­ра бастағанда, оған қызығушылық танытқандар да көп болған. Осы орайда бұл басылымдар республика мектептерінде еңбек етіп жүр­ген мыңдаған психолог-пе­даг­огқа он жыл ішінде ай­тар­лықтай көмегін ти­гі­зіп, психологиялық сауат­ты­лығын арттыруда өз үлесін қосты деп сеніммен айтуға болады. Қазір бұл журналды психология мамандығы бо­йынша магистратуралық білім алып, ғылыми ізденіс­терге бой ұрып жүрген өзі­нің қызы Ақнұр Олжаева шығарып, анасының ісін жалғастыра бастады. Сол секілді, Г.Құстанова «Мектеп­те­гі мерекелер» жур­налының да басы-қасында ақын Әдібай Табылдиевтің тұрғанын мақтанышпен айтады. Мек­тептегі түрлі іс-шаралардың сценарий­лері тақырыптар бойынша дәйек­теліп, жүйелі түрде жарияланып отырады. Өздері де мектептермен байланысын ны­ғайтып, түрлі тақырыпта өтетін дөң­гелек үстелдерге, диспуттарға қаты­сып, кеш қонағы болып, ішіндегі қызық­ты­сын таңдап-талғап жариялап жүр. «Білім кілті – Ключ знаний» журналы екі тілде шығады. Соңғы уақытта ағылшын тіліндегі сабақ­тарды да жариялай бастады. Басылымды шығару ісінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрайымы Гүлнас Ахметованың қолдау-кө­ме­гіне жүгінетінін жасырмайды. Сондай-ақ, «Педагог» ат­­ты сәнді журнал да өмірін ұстаз­дыққа ар­наған, балаға білім беріп қана қоймай, тәр­биесі үшін де өзін жауап­ты санаған жанашыр жан­дар­дың ізгі қасиетін, шә­кірт жүрегіне жол тапқан ерекше мінезін, ескірмейтін-тозбайтын тәжірибесін үлгі етіп, егжей-тегжейлі көр­сетуді мақсат тұтады. Әр жобаның жемісті кезеңі болады. Жур­на­­ли­сти­ка дей­тін ой-шұқы­ры көп ерекше әлем­нің іші­­нен еңбекқорлығының арқа­сын­да білім тақырыбын бө­ліп-жарып алып шы­ғып, биз­неске айналдыра алған Гүл­­жанат әріптесіміздің сәтті ісі сүйсінуге тұрарлық. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ