Қазақ ежелден көңілі адал, бейбітшілік сүйгіш халық екені белгілі. Бұл туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.
Жалпы, атам қазақ ешқашан өздігінен ешбір елге жаугершілік ниетпен шабуыл жасамағанын қарт тарихымыздағы жазбалардан анық көрінеді. Тек, өзіне қастық жасағандардан қорғану үшін қарсылық танытып, күш жұмсаған. Ал тіршіліктегі кездесетін түрлі мәселелерді мәміле арқылы оң шешіп отырған. Яғни, тіл табысу мен ынтымақтасу, ымыраласу арқылы ырыс-берекемізді арттырып отырған халықпыз. Мұндай ерекшелігімізді ұлы тұлғаларымыз да, елімізге табаны тиіп, жерімізден дәм татқан шетелдік ғалымдар да айтып, жазып, жариялап әлемге паш еткен кезі аз емес.
Ендеше, осы күндері тұрлауы кеткен тіршілікте тараптарды татуластыру тетігіндегі біздің рөліміз – түп-тамыры сонау қатпар-қатпар тарихтың көне беттерінен бастау алады деуге толық негіз бар. Міне, тап осы тұста сөз етіп отырған мәселенің екінші қырына тоқталайын. Бүгінгі байтақ еліміз, Кеңес өкіметіндегі Қазақстан емес. Өз елі мен жеріне ие болып Тәуелсіз Қазақстан атанған мемлекеттің мәмілегерлікке жүретіндей жөні бар-ақ.
Сонымен қатар, айналып өтуге болмайтын тағы бір мәселе – Мемлекет басшысының абырой, беделі. Себебі, қызметте жүріп шетелге іссапармен шыққанымызда «Қазақстан» деген сөзді айтсақ, алдымен Н.Назарбаев туралы жиі естіп жататынбыз. Бұл – Елбасымыздың есімі еліміздің атауымен астасып кеткенінің белгісі. Оның үстіне халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен әлемдік көшбасшылардың арасында Н.Назарбаев беделінің зор екендігін байқатса керек. Сондай-ақ, бейбітшілік пен береке-бірліктің жер жаһан үшін аса құнды екендігін Қазақстандағы мамыражай тіршілікке қарап тұрып түсіне қою аса қиын бола қоймас, сірә. Сондықтан да, тыныштықты ту еткен көптеген елдің басшылары Астана процесінен мол үміт күтіп, зор ниетпен осындай игі бастаманы қолдап, қуаттады. Әрине, бұл келіссөздердің көпшілігі күткен нәтижеге бастар жол болатыны күмәнсіз.
Әбдіжәлел БӘКІР,
саяси ғылымдар докторы, профессор

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:24
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:15
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорда • Бүгін, 17:47
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Экономика • Бүгін, 17:30
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 17:12
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Елорда • Бүгін, 17:02
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 16:52
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Ата заң • Бүгін, 16:42
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Үкімет • Бүгін, 16:14
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 16:07
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Білім • Бүгін, 16:00
Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап өлтірді
Оқиға • Бүгін, 15:47