Екі жыл бұрын тұсауы кесіліп, екі тілде баспасөз нарығына жол тартқан «OYLA» журналының қазақ тілді нұсқасы оқырмандар санының тым аз болуына байланысты көп ұзамай жарыққа шығуын тоқтатқан еді. Қазақтың қарапайым «ойла» етістігін атау етіп, орта және жоғары сынып оқушылары мен ата-аналарға арналған ғылыми-танымдық «ОYLA» журналының орта жолдан тоқтаған қазақша нұсқасы қайта шығатын болды деп басылым басшылығы сүйінші хабарын жеткізді. Оқушылардың білімін, танымдық деңгейін көтеруді мақсат тұтқан басылым Қазақ географиялық қоғамы, Chevron, ForteBank және «Теңізшевройл» компаниялары көрсеткен қолдаудың арқасында қазақ тіліндегі жұмысын қайта жандандыратын болыпты. Орыс тілінде шығатын басылымдар нөпірі басым түсетін отандық нарықта қазақ баласының төл тілінде ақпарат алуына, онда да ғылыми-танымдық бағыттағы ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік беретін мұндай журналдардың көптеп шығуы кім-кімді де қуантатыны анық. «Біз ғылым мен технологияның тілін үйреніп, оны балаларға жеткізсек дейміз. Өйткені, өскелең ұрпақ оқу мен жасампаздықтан қорықпауы қажет. Қазақ мектептерінде оқитын балалар үшін мемлекеттік тілде ақпарат алудың маңызы аса зор. Сондықтан OYLA журналы жақын уақытта қолына тиетін оқушы-оқырмандарымыздың көңілдерінен шығады деген ойдамыз», – деді журналдың бас редакторы Гамзат Бияров. Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Білім • 27 Қаңтар, 2017
«OYLA» журналының қазақша нұсқасы қайта шығатын болды
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Оқиға • Бүгін, 17:22
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Тарих • Бүгін, 17:13
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Ғылым • Бүгін, 17:11
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 17:05
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:52
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Оқиға • Бүгін, 16:43