14 Ақпан, 2017

Cырт көз – сыншы

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
– Қазақстан өз Тәуел­сіздігінің 25 жылында халықаралық аренада үлкен беделге ие болды және әлеу­меттік-экономикалық салада маңызды табыс­тарға қол жеткізді. Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тар­мақ­тары арасында өкілеттіктер­ді қайта бөлу тұрғысындағы бастамасын оң бағалай­мын. Өйткені, бұл қадам ел­дің саяси жүйесін одан әрі демо­кратияландыру­ға тікелей әсер етеді. Сон­дай-ақ, бұл реформа ин­дустрия­ландыру, тех­но­логиялық жаңғыру, ауыл шаруашылығын дамыту, білім және денсаулық сақтау бағыттарын жетілдіру мәселелерінде үлкен маңызға ие. Нақтылай айтқанда, аталған шешім Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына жол ашады. Маджед АБДЕЛАЗИЗ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі Үндеуін алысты болжай білер тұлғаға тән тарихи шешім деп білемін. Президент өз елін дамыта түсу мақсатында билік өкілеттіктерін заман талабына сай қайта бөліп, демократия үрдістерін нығайтуды көздеп отыр. Президент сыртқы саясат, қор­­ғаныс пен ұлттық қауіпсіз­дік салаларын өз бақылауында ұста­мақ. Сондай-ақ, Президент билік тармақтары арасында «жоғарғы арбитр» рөліне ие болады. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының Ұлт көшбасшысы ретіндегі беделін одан сайын орнықтыра түседі. Бұл реформа Парламенттің рөлін күшейтуге негізделген. Ол өзіне берілген заңдық мүм­кін­діктер арқылы Үкі­метті жа­сақ­тай алады. Соны­мен бір­ге, Парламент атқару­шы би­лікке сенімсіздік те көр­сете алады. Осы реформа бойын­ша мемле­кет­тік бағдар­ла­­ма­ларды бекіту Үкі­метке жүктеледі. Бұл өз кезегін­де министр­лердің елдің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуына қатыс­ты өкілеттігін кеңейтіп әрі жауап­кер­шілігін де күшейтеді. Бұдан бөлек, елдегі бұл өзгерістер Конституциялық Кеңес, сот жүйесі мен прокуратура салаларын да жетілдіре түспек. Мұның барлығы елде «Ашық үкімет» жүйесін қалыптастыруға мүм­кіндік береді. Қысқасы, бұл рефор­ма Парламент пен Үкіметтің жауап­кер­шілігі мен рөлін арттырады. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық арена­дағы бәсекеге қабілеттілігін жоға­рылатады. Ал бәсекеге қабілетті болу – елдің эко­ном­и­калық дамуына тың серпін береді. Датук Иосуф ХАШИМ, «The Globalist» халықаралық қатынастар журналының бас редакторы (Малайзия)