07 Наурыз, 2017

Сырт көз – сыншы

121 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірдегі өзге елдерге үлгі

Мен Қазақстан Республи­касы мен оның Президентінің бас­қару­дың ашық және демокра­тия­лан­ған фор­масындағы бағытына бет алуын ерек­ше атап өткім келеді. Жақында Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің есеп беру­ші­лігін арттыратын және Парламент пен ми­нистр­ліктерге көптеген өкілеттіктерді бере­тін конституциялық реформаларды жариялады. Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан өзінің Кеңес Одағынан тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын атап өтті. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан дамыған республикаға айналып, нарықтың экономика жолына түсті, халқының әл-ауқатын арттыруға зор көңіл бөлді. Қазіргі уақытта Қазақстан Президенті Н.Назарбаев республиканы әрі қарай дамыту үшін ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өркендеуге қажетті саяси және конституциялық реформаларды жүзеге асыруды мықтап қолға алды. Сөйтіп, осы бағытта нық қадамдар жасауда. Мен Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы әріптестік қатынас­тар­ды мақтан тұтамын. Қазақстан өз аза­маттары құ­қық­­тары­ның айнымас­тығы саясатын жал­ғас­тырады және біз осы үрдістің түрлі бағы­ттарда тереңдей түскенін қалаймыз. Елдегі демо­кратиялық қадамдар өңірдегі өзге елдерге үлгі. Мен алдағы кезеңде Қазақстанның Аме­рика Құрама Штаттарындағы жаңа елшісі Ер­жан Қазыхановпен жұмыс жасайтын кезді асы­ға күтемін және Қазақстан Үкіметінің ел­дегі мемлекеттік басқару жүйесін үнемі жетіл­ді­ру­ге деген ұмтылысын жоғары бағалаймын. Марк МЭДОУС, Солтүстік Каролина штатынан Өкілдер палатасының депутаты (АҚШ) Вашингтон, АҚШ

Бұл – жаһандық үрдіс

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы дұрыс шешім қабылдады. Бұл – жаһандық үрдіс және аталған қадам Қазақстанға әлемдік үдерістер динамикасына енуге мүмкіндік беріп қана қоймай, басқаруды қазіргіден де тиім­ді ете түсетін болады. Өйткені, бұл бастама Қазақстан сияқты жас мемлекетті дамудың даңғыл жолына салады деп есептеймін. Қазақстан халқына да мақтануға болады. Себебі, оның 25 жылда қол жеткізілген жетістіктері атап көрсетуге лайық. Бүгінде Қазақстан мен Мексика арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасып отыр. Бұған Мехикода Қазақстан елшілігінің ашылуы айқын дәлел бола алады. Ал «Қазақстан-2050» стратегиясы Қазақстанды әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосатыны күмәнсіз. Гильермо Амадор ЭРНАНДЕС, Мексика ұлттық медицина университетінің оқытушысы, Панамерика анатомия қауымдастығының мүшесі