14 Наурыз, 2017

Экономикалық қылмыстарға – ерекше назар

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Сенатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің ұйымдастыруымен «Экономикалық қылмыстар және заң: ырықтандыру шектері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Комитет төрағасы Серік Ақылбай дөңгелек үстелді аша келіп, бұл басқосу жедел-іздестіру саласындағы заң­на­маны одан әрі жетілдіру мәселе­лері бойынша пікір алмасуға мүм­кіндік беретінін атап өтті. «Жиын барысында алаяқтық, жал­ған кәсіпкерлік, салықтан жал­тару, экономикалық конт­ра­банда және басқа да мәсе­лелерді реттейтін Қылмыстық кодекстің баптарын қарастыру керек деп ойлаймыз», – деді сенатор. Дөңгелек үстелге қатысу­шылар Қылмыстық кодекс­тегі экономикалық бағыттағы қыл­мыстарды жасағаны үшін берілетін жазаларды рет­тей­­тін бірқатар баптың тиім­ді­лі­гін тексеру қажеттігі туға­нын айтты. Мәселен, Қыл­мыс­тық кодекстің 190-бабындағы алаяқ­­тықпен қатар, қыл­мы­с­­тық заңда алаяқтықтың мей­лін­ше кең таралған және қоғам­­ға қауіпті түрлері­не жауап­­­­кер­­шілік белгілей­тін же­ке­­ле­­ген құрамдарды қарас­тыру қажет. Бас прокуратураның мәлі­меттері бойынша, ондай түр­лерге таныстар немесе туыс­тардың өтініштері бойын­ша рәсімделетін, азаматтардың жалған құжаттары пайда­ланылған немесе сеніміне ие болу арқылы несие алуға бай­­­ланысты алаяқтық; ин­тер­­­нет-алаяқтық, оның ішін­де қо­салқы құралдар, ұя­лы те­ле­­фондар және бас­қа да тауар­лардың ин­те­­р­нет саудасы; жалған ком­па­ния­лар­дың түрлі акцияларын өт­кізу туралы СМС-хабарлама жі­­беру арқылы болатын алаяқ­тық және басқалар жатады. Шараға Парламент депутаттары, Бас прокуратура­ның, Жоғарғы соттың, Әді­лет министр­лігінің, Мем­ле­кеттік қызмет және сыбай­лас жем­қор­лыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің, Қаржы министр­лігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палата­сының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел қорытын­дысы бойынша кәсіпкерлер құ­қықтарын қорғау сала­сын­дағы заңнаманы жетіл­діру жө­нінде ұсыныстар әзірленіп, олар тиісті мемлекеттік орган­дарға жіберілетін болады.