Технология • 22 Наурыз, 2017

​Apple қып-қызыл iPhone шығарды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызыл смартфондарды компания қатерлі ауруға қарсы күреске көмек мақсатында жасаған.

​Apple қып-қызыл iPhone шығарды

Apple корпорациясы сыртқы корпусы қып-қызыл iPhone 7 мен iPhone 7 Plus және жаңа iPad пен бейнеқосымша шығарды деп хабарлайды ВВС. Жаңа гаджеттерді сату 24 наурызда басталады. 

Смартфондардың бағасы шамамен 1000 және 1200 АҚШ доллары шамасында болуы мүмкін. 

Компания биыл 10-шы жыл СПИД-пен күрес бағдарламасына қатысып келеді. Бағдарлама RED деп аталады. Смартфондардың қызыл түсті корпуспен жасалу себебі осы. Арнайы сериямен шыққан құрылғыларды сатудан түскен ақшаның бір бөлігі Жаһандық СПИД-пен күрес қорына аударылады. Дәлірек айтқанда, ол ақша ВИЧ-ті зерттеу, оның таралуына тосқауыл қою бағдарламасына берілмек. 

iOS-қа арналған жаңа бейнеқосымшаны қолданып, смартфон ұстаушылар қысқа клиптерді өздері монтаждауына болады. Екінші жаңа гаджет – 9,7 дюйм дисплейлі iPad. 

RED бағдарламасының негізін U2 тобының әншісі Боно қалаған болатын. Компания мәліметіне қарағанда RED өнімдерін сату арқасында игі мақсаттар үшін 130 млн доллардан аса қаржы жиналған.

Соңғы жаңалықтар