Қазақстан • 31 Наурыз, 2017

​Алматы әкімі ЕҚДБ директорымен кездесті

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Еуропалық қайта құру және даму банктің Орта Азия және Ресей бойынша басқарушы директоры Наталия Ханженкова және Қазақстандағы ЕҚДБ кеңсесінің жаңа басшысы Агрис Прейманиспен кездесті.

​Алматы әкімі ЕҚДБ директорымен кездесті

Кездесу барысында жеңіл рельсті көлік желісін салу жобасы талқыланды. 

Наталия Ханженкова өткен жылдың қорытындысында әлем бойынша банк бөлген инвестициялар көлемі жағынан Қазақстанның екінші орын алғандығын атады. Ол Еуропалық банктің Алматыда ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға қатысуға ынталы және қала әкімдігіне қолдау көрсетуге қашанда дайын екендіктерін жеткізді.

«Біз Алматыда ЖРК желісінің құрылысын жүргізудің стратегиялық маңызды екенін көріп отырмыз. Бұл жоба мегаполистің әлеуметтік және экономикалық дамуына жаңа серпіліс беретін болады. Соңғы бірнеше ай ішінде оны қолға алуда елеулі алғажылжушылық байқалады», – деді ЕҚДБ басқарушы директоры.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде қала әкімдігі ЖРК ұзындығы 22,9 км болатын тиімді қаржы моделінің техникалық шешімдерін жасау үстінде. Жоба қала көлік инфрақұрылымын дамытудың, кептеліс және экология мәселелерін шешу мен жолаушы тасымалының сапасын арттырудың бір бөлігі болып есептеледі.

Айнаш Есали,
«Егемен Қазақстан»