Аймақтар • 11 Сәуір, 2017

​Қостанайда 6697 әскери бөлім 46 жылдығын атап өтті

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда қаланың тыныштығын сақтауға үлес қосып келе жатқан Ұлттық ұланның сарбаздарына лайықты құрмет көрсетілді. 46 жыл бойы өзіне жүктелген әскери-жауынгерлік қызметті қырағылықпен атқарып келе жатқан 6697-шы әскери бөлімінің жеке құрамы Тәуелсіз Қазақстан армиясының 25 жылдық мерейтойы аясында, әскери бөлімнің тарихын жаңа есімдермен, еңбегі еленген лайықты марапаттарға толықтырды.

​Қостанайда 6697 әскери бөлім 46 жылдығын атап өтті

 Салтанатты жиналысты Қостанай қаласындағы өскелең ұрпақтың париоттық тәрбиесімен айналысуға атсалысып жүрген «Тайфун» әскери патриоттық клубының жас ұландары әскери би қойылымымен ашты. 

Жарты ғасырға жуық уақыт бойы әскери бөлімшеде мыңдаған жастар Отан алдындағы әскери парызын өтеді, келісімшарт бойынша прапорщиктер, офицерлер қызметтерін жалғастыруда.

«Әскери бөлімшеде жас жауынгерлерге жан-жақты тәрбие беріледі. Ел тыныштығын күзететін ұландар алдымен рухани бай, адамгершілігі жоғары адам болуы тиіс. Біздегі көптеген жұмыстар осы бағытта ұйымдастырылады» деді 6697 әскер бөлімі- командирі майор Ерлан Ипатов.

Мәдениет үйінде Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхананың кітап қорынан әскери бөлімшенің 46 жылдығына арналып ұйымдастырылған «Тәуелсіздік және әскер» кітап көрмесі, әскери бөлімнің тарихынан сыр шерткен фотокөрме, марапат дипломдар көпшіліктің назарына ұсынылды.

Нәзира Жәрімбетова, 

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ