Медицина • 14 Сәуір, 2017

Ел іші – еңбек кеніші

230 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беріп қана қоймай, тың міндет те жүктеді. Ел еңбеккерлерінің жігерлі жұмыстарының нәтижесінде саланың өркендеуінде оң өзгерістер байқалады. Бұл үрдіске Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің Ақмола және Павлодар облыстарына жасаған жұмыс сапары аясында нақты баға берілді.

Ел іші – еңбек кеніші

Астаналық облыста 5,1 млн гектар дән егіледі

Қазіргі таңда Ақмола облысында жұмыс істеп тұрған 6 май өңдейтін зауыттың жүкте­ме­лігі  30 пайыз, ал құрамажем зауыт­­­тарының жүк­те­мелігі 56 па-

йыз­ды құрап отыр. Бұл зауыттардың жүк­темелігін одан әрі арттыру мақ­са­тында 2021 жылға қа­рай майлы да­қылдар алқабын 380 мың гек­тар­ға, мал азығы да­қыл­да­рын 490 мың гектарға және арпаны 670 мың гектарға артты­ру жос­пар­ла­ну­да. Ал бидай алқабын  680 мың гек­­тарға қысқарту көзделуде. Жал­пы би­ыл Ақмола облысында ауыл ­ша­­­ру­а­шылығы дақылдарын 5,1 млн гек­тар а­умаққа егу жоспарлап отыр.

Көктемгі егіс жұмыстарына дай­ындық барысымен танысқан ми­нистр ағымдағы жылы көктемгі егіс­тік жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен бөлінетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тө­мен­де­г­енін айтты. Яғни, тұты­ну­шы үшін мөлшерлеме 5-6 пайызды құрады.

Сапар барысында Асқар Мыр­зах­метов аудан әкімдері мен ау­ыл ­­шаруашылығы тауар өн­ді­ру­ші-

л­ерімен арнайы жиналыс өткізді. Жи­ында ауыл шаруашылығы ко­о­перативтерін дамыту мен аймақта тұрғындар үшін жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану арқылы өнім өндіруді ұлғайту мә­селелері сөз болды. Ақмола об­лы­­сында осы жылы сүт пен ет өнім­дерінің жүктемелігін арттыратын 32 кооператив құру жоспарлануда. Қазіргі таңда 14 кооператив құ­рыл­ды.


Ертіс өңірінде 70 кооператив құрылды

Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің Павлодар облысына сапары аудан әкімдері мен аймақтың  ау­ыл­ шаруашылығы тауар өнді­ру­ші­лерімен кездесуінен бас­тал­ды. Жиналыста ауыл шаруа­шы­лы­ғы кооперативтеріне бірігудің ма­ңыздылығы, ауыл халқын жұмыс­пен қамту, егістік жерлердің құры­лы­­мын әртараптандыру, көктемгі егіс­­тік жұмыстарының барысы жә­не суа­рмалы жерлердің көлемін арт­­ты­ру мәселелері талқыланды.

«Мемлекеттік бағдарлама к­е­лі­сілді, қаржыландыру толық кө­ле­м­­­де бөлінді, мемлекет тарапынан бар­лық жағдай жасалды. Ен­дігі әкім­діктердің міндеттері – мемлекет­тік бағдарламаның іске асы­­­рылуы­на және фермерлерді ауыл ша­руа­шы­лығы кооперативтеріне бі­рік­тіруге ын­та­ландыру жұмыс­та­рын қар­қынды жүр­гізу», – деді жиында А. Мырзах­метов.

Бүгінгі таңда Ертіс өңірінде 70 кооператив құрылған. Оның ішінде 48 кооператив былтырғы жылы құ­рыл­­ған болса, осы жылы тағы да 8 кооперативтің іргесі қаланады деп жос­парлануда.

Жұмыс сапары барысында Ас­қар Мырзахметов Павлодар қа­ла­­сын­дағы сүт зауытының жұ­мы­сы­мен та­нысты. Аймақтағы сүт өң­дейтін кәсіп­орындардың жүк­те­мелігі – 55 пайызды, ал ет өңдейтін кә­­сіпорын­дардың жүктемелігі 68 пай­ызды құрайды.

Ырысалды ШӘМШИЕВА,

журналист,

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар