20 Мамыр, 2011

«Арпа-бидай ас екен...»

431 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

ҮКІМЕТ

«Егемен Қазақстанның» апталық қосымшасы

  «Үйдегі көңілді базардағы на­рық бұзады». Нарықтың экономи­ка деп айдар таққан мына қоғам­дағы тұтынушының көңіл-күйін атам қазақ баяғыда-ақ дөп басып, диагнозын қойған. Бүгінде базар бағасы ауыздығымен арпалысқан аттай. Ал бағаның шарықтағаны, халықты қанағаттандырмайды. Өйт­­кені қалтасына артық салмақ түсіп, жүйкесін жұқартып, тең­гесін тауысады. Бүгінде республика көлемінде халықты азық-түлікпен қамтама­сыз етудің түрлі жоспарлары жа­салып, жүйелі жұмыс жүруде. Осы орайда Қызылорда облысында да агроөнеркәсіптік кешенді дамы­туға бұрын-соңды болмаған көмек көрсетілді. Мемлекеттік қолдаудың арқа­сын­да ауыл шаруашылығы өнім­дерінің өндіріс көлемі жыл сайын артып келеді. Облыс бойынша 2011 жылдың қаңтар-наурыз айла­рында ауыл шаруашылығының жал­пы өндірісі 3795,0 миллион теңгені құрады. Ал бұны өткен жылмен салыстырсақ, өнімнің 3,3 пайызға артқанын байқаймыз. 2011 жылы облыстың ауыл ша­руашылығы саласын мемлекеттік қолдау көлемі өткен жылмен са­лыс­тырғанда 31,6 пайызға арт­ты­рылды.  Ауыл шаруашылығы өнді­рісін субсидиялауға 3077,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 2399,7 млн. теңгесі жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен берілді. Биыл шаруашылықтардың бар­лық нысандары бойынша 162,9 мың гектарға егiс орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 85,7 мың, картоп, көк­өнiс, бақша 21,9 мың, майлы  да­қыл­дар 2,7 мың гектарды құрайды. Жалпы егіс көлемінің 76,9 мың гектары күріш алқабы екенін айтқан дұрыс. Алдын-ала мәлімет бойынша биылғы жылы 317,1 тонна күріш, 102,6 мың тонна картоп, 99,4 мың тонна көкөніс, 129,6 мың тонна бақша, 16,8 мың тонна ет, 91,7 мың тонна сүт және 13,8 млн. дана жұмыртқа өндіріледі деп күтілуде. Бұйыртса, бұл биыл халықты та­рықтырмайтын басты жол болмақ. Аймақ халқын арзан ұнмен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдың қыркүйек айында қол қойылған 5 жақты меморандуммен Қазақстанның Астық одағы арқы­лы облысқа ай сайын 1-сортты бидай ұнын килосы 46 теңгеден жеткізу қамтамасыз етілуде. Бүгінге дейін Сыр бойына барлығы 19128 тонна ұн жеткізілді. Нәтижесінде нан тұрақты бағада сатылып, орташа бағасы 38 теңге аралығын ұстап тұр. Тұрғындарды негізгі азық-тү­лік өнімдерімен қолжетімді баға­да қамтамасыз ету мақсатында об­лыс­та 31 рет ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, 70,9 млн. теңгенің өнімдері рынок бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды. Сонымен қатар, Қызыл­орда қаласының 5 ірі сауда орта­лықтарынан әлеуметтік қатарлар және  көлік үстінен сату үшін 5 сауда алаңдары ұйымдастырылып, онда өнімдер базар бағасынан 10 пайыз төмен бағада сатылады. Баға саясатын жүзеге асыру мен келелі мәселелерді шешу жөнінде жергілікті атқарушы органдар бизнес құрылымдарымен ынтымақтастық туралы меморан­дум­ға отырып, өзара әрекет жасауда. Маусымаралық кезеңде картоп, көкөніс-жеміс өнімдерінің қоры азаятыны белгілі. Дегенмен атал­ған өнімдердің бағасы шарықтап кетуіне жол бермеу үшін олардың бағасын тұрақтандыру мақсатында «Қызылордаагросервис» МКК ар­қылы бөлінген 46,8 млн. теңгеге республиканың оңтүстік өңірлері­нен тікелей азық-түлік өнімдері жеткізіліп жатыр. Үстіміздегі жыл­дың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге барлығы 460,9 миллион теңгенің өнімі әкелініп, Қызылор­да қаласының «Мирас» сауда орталығында рынок бағасынан 20 пайыз төмен бағада сатылуда. Нәтижесінде жыл басымен са­лыс­тырғанда картоптың Қызыл­орда қаласындағы бағасы  30 теңгеге (100 теңге), жуа, сәбіз 30 тең­геге (90 теңге), және қырыққа­бат 20 теңгеге (130 теңге) төмен­десе, қияр мен қызанақтың килосы да төмендетіліп, базар бағасынан 100-150 теңге арзан сатылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының мал бордақылау шаруашылықта­рымен келіссөздер жүргізіліп,  ірі қара малының еті әкелінуде. Об­лыста сиыр етінің бағасы кило­сына 950-1000 теңге болса, «Мирас» сауда орталығындағы сөре­лер­де әкелінген еттің бағасы 850 теңгеден тұр. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновация­лық даму бағдарламасы аясында 2010 жылы Қызылорда қаласында тәулігіне 30 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды. Қазіргі таңда зауыт күніне 8,2 тонна нан өнімдерін шығарып, 4 тұрақты сауда нүктелері және 116 дүкендермен келісім-шартқа отыру арқылы өткізуде. Нәтижесінде, об­лыс көлемінде нан бағасы бірқа­лыпты деңгейде, яғни бөлкесі 35 теңгеден сатылуда. Облыста сүт өнімдері өндірісі көлемін ұлғайту мақсатында рес­публикалық индустрияландыру картасына енгізілген «660 бас мүйіз­ді ірі қараға арналған тауар­лы сүт фермасын салу» жобасы жүзеге асырылды. Сүт зауыты іске қосылған жағдайда жыл сайын 11 мың тонна сүт өндіріліп, бұл об­лыс халқының тұтынуын 8 пайыз­ға дейін көтеруге ықпал етеді. Мал бордақылау кешенін салу инвестициялық жобасы Сырда­рия ауданының Жетікөл елді мекенінде жүзеге асырылды.  Жобаның жалпы құны 180 миллион теңге құрайды. Оның ішінде мал бор­дақылау кешенін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 120,0 миллион теңге  бөлінді. Бүгінгі күнге мал сою алаңында 129,5 тонна ет өн­діріліп, бұл өз кезегінде ет баға­сының тұрақтануына ықпал етті. Өсімдік майын шығару цехын ұйымдастыру жобасы Қызылорда қаласының Қызылжарма елді мекенінде «Сабыр и К» ЖШС жүзеге асырды.  Жобаның жалпы құны 44 млн. теңге құрайды. Жобаны жү­зеге асыру арқылы облыс орта­лығы тұрғындарының өсімдік майымен қамтамасыз етілу деңгейі 26,4 пайызға жеткізілетін болады. Бұл өзінде өңірде өсімдік майы бағасын тұрақтандыруға мүмкін­дік береді. Көкөніс өнімдерін тамшыла­тып суару арқылы өндіруді облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып Жаңақорған ауданындағы «Тату Агро» шаруа қожалығы жүзеге асырған болатын. Қазіргі таңда шаруашылық өз қаржы­лары есебінен өндірілген жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеп отыр. Өндірісті шикізатпен қамтама­сыз ету бағытында үстіміздегі жылы аталған шаруашылық 120 гектарға жүзім және 120 гектарға алма ағаштарын отырғызды. Со­нымен қатар, шаруашылық томат сықпасын өндіру мақсатында қы­занақ отырғызуды мамыр айы­нан бастауды жоспарлап отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында агроөнеркәсіп кешені бойынша жалпы құны 704 млн. теңге құрайтын 12 жаңа өндіріс нысандарын ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері жалпы құны 267 млн. теңге құрайтын 4 нысан ашылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде жалпы көлемі 1,5 га құрайтын 22 жылыжай пайдалануға берілсе, жыл соңы­на дейін қосымша жалпы көлемі 2,6 га құрайтын 51 жылы­жайларды ел игілігіне өткізу жоспарланып отыр. Бұл өз ретінде облыс халқының маусым­аралық кезеңдердегі қажеттілі­гінің 60 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін облыс көлемінде өзекті мәселе болып келе жатқан көкөніс өнім­дерін сақтау қоймаларын ұйым­дастыруға қатысты құрылған «Қы­зылорда» корпорациясы ар­қылы жалпы сыйымдылығы 11 мың тоннаны құрайтын 2 сақтау қоймаларын салу жолдары пы­сық­талуда. Сонымен қатар, атал­ған корпорация арқылы жұ­мыртқа және ет бағытындағы құс фермаларын салу, логистикалық орталықтар құру бағытындағы жобаларды жүзеге асыру жос­парланып отыр. Жалпы, жоғарыда аталған жо­баларды жүзеге асыру аграрлық сектордың дамуына, оның ішінде жеміс-жидек, көкөніс, бақша да­қылдарының, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өн­діруге, ең бастысы аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз етуге мүмкіндік береді. Сыр өңірі әр уақытта ауыл шаруашылығы саласы жақсы өркендеген өңір болып санала­тын. Қазіргі уақытта ауылшаруа­шылық саласы, оның ішінде мал шаруашылығы саласы да  мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өркендеп өсуіне кең жол ашылып отыр. Елбасының азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету тап­сырмасын орындауда облыс­тың ауыл шаруашылығы тауарын өн­­дірушілер қа­­жырлы ең­бегімен көзге түсіп отыр. Осының нәтижесінде облыс көлемінде 2011 жылдың 1 сәуіріне 255,1 мың бас мүйізді ірі қара, 825,9 мың бас қой мен ешкі, 67,5 мың бас жылқы, 31,9 мың бас түйе, 3,6 мың бас шошқа және 211,9 мың бастан астам құс өсірілуде. Сонымен қатар ет өндіру – 2,3, сүт өндіру – 5,2 пайызға артып, әр жүз аналықтан 24 бұзау, 32 қозы, 26 құлын және 17 бота алынған. Қазіргі уақытта шаруашылық­тарда өнімділігі төмен малдарды асылдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізудің нәтижесінде облыс бойынша 23 шаруашылық асыл тұ­қымды мал шаруашылығы мәр­тебесіне ие болды. Бүгінгі күні облыс бойынша асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының саны 3,9 мың басқа, қойдың саны 41,1 мың басқа, жылқының саны 3,6 мың басқа және түйе малының саны 3,1 мың басқа жетті. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жан­дан­дыру мақсатында қызмет көрсететін бір дистрибъютерлік орталық жұмыс істеп тұр. 2009 жылдан бастап облыс тұрғындарын сапалы ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ету мақ­сатында аймаққа Еділбай, қазақ­тың етті майлы ірі қылшықты қойлары әкелінді. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жақ­сар­ту және асыл тұқымды мал­дардың үлес салмағын өсіру мақ­сатында соңғы жылдары «Қы­зылордаагросервис» МҚК арқылы  республиканың өзге өңірлерінен асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 5185 бас қой, 500 бас жылқы, 79 бас түйе әкелініп, шаруашы­лықтарға лизингіге беріліп, 29 орта шаруашылықтар ұйымдас­ты­рыл­ды. Оның ішінде 2010 жылы  ет бағытындағы қазақтың қылшық жүнді 800 бас қойы 1 шаруашы­лыққа, 200 бас асыл тұқымды жабы жылқысы 3 шаруашылыққа және 33 бас түйе әкелініп 1 шаруашылыққа берілді. Былтырғы жылы облыс әкі­мінің қолдауымен  өндіріс қуат­ты­лығы тәулігіне 2,5 тонна Сырдария ауданының «Жетікөл» елді мекенінен  мал бордақылау алаңы ашы­лып, қазіргі таңда ай сайын 12-13 тонна сапалы ет өндіріп, халық игілігіне арзан ет ұсынып отыр. Кешен мал сою пунктімен, ет сақ­тайтын мұздатқыш камералармен жабдықталған. Алдағы уақытта кешен жанынан шұжық өнімдері мен еттен жартылай дайын өнімдер дайындау цехтарын ашу жоспар­ланып отыр. Қазалы ауданындағы «Рза» АҚ  2010 жылы жаңа индустриялық-инновациялық жобамен салынған 1200 бастық ірі сүт өндіретін кешенінің іске қосылуына байла­нысты, Венгриядан жоғарғы өнім­ді сүт бағытындағы 660 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы әкелініп, қазіргі уақытта әрбір бұзаулаған қашардан 18-20 литр­ден сүт өнімі өндірілуде және өндірілген сүттен бірнеше өнім түрін шығаратын жоғарғы техно­логиялы сүт зауыты жұмыс істеуде. Алдағы уақытта қала халқын жұмыртқа мен құс етімен қамта­масыз ету үшін құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. Елбасы биылғы Жолдауында «Аграрлық секторда етті мал ша­руашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады», деп айы­рықша атап өткен болатын. «Қаз­Агро» компаниясы ұсынып отыр­ған «Сыбаға» бағдарламасы ая­сын­да облыс көлемінде 2011 жылы 2 ет бағытындағы ірі қара малын өсіріп таратушы репродуктор шаруашылығы, 2 ірі қара малын бордақылайтын алаң және 30 фермерлік ша­руашылықтар ұйым­дас­тыру жос­парланып отыр. «Сыбаға» бағ­дарламасын іске асыру мақ­сатында облыс көле­мінде   БАҚ арқылы хабар­ланды­рулар жә­не теледидар ар­қылы көрер­мен­дер сұрақта­рына бірнеше рет жауап берілді, со­нымен қатар об­лыс әкімінің бас­тауымен 86 елді мекендерде ха­лық ара­сында тү­сін­дірме жұ­мыстары жүр­гі­зіліп, «Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қол­дау қоры» және «Аграрлық несие корпора­циясы» АҚ-тың Қы­зыл­орда фи­лиалдары арқылы  несие алу жолдары түсіндірілді. Түсінік жұмыстарының жүргізілуі­нің нә­тижесінде бүгінгі күнге «Сы­баға»  бағдарламасы бойынша не­сие алуға 121 тауар өндіруші өтінім беріп, тізімдері «Ауыл шаруашы­лығын қар­жы­лай қол­дау қоры» және «Аграр­лық несие корпора­циясы» АҚ-қа жол­данды. «Ауыл шаруашылы­ғын қаржы­лай қолдау қоры» Қызылорда филиалына  7 тауар өндіруші құ­жаттарын тап­сырып  37,0 млн. теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдігіне 6 тауар өндіруші несие алуға құжаттарын тап­сырып, осыдан 107 бас мал алуға  16,9 млн. теңге несие алатын болды. Ет бағытындағы мал шаруа­шылығын дамыту үшін  шал­ғай­дағы жайылымдарды ұтым­ды пай­далану мақсатында жайы­­лым­­­дық жерлерді түген­деу жұ­мыс­тары жүргізілді. Осының нә­ти­жесінде облыс көлемінде 11829,5 мың гектар жайылым­дық жер бар, оның ішінде 6987,0 мың гектар суармалы жайылым­дық. Ал аталған жайы­лымдарда 1291 ұң­ғы­ма, 956 шегенді құ­дықтар бар. Мал шаруашылығын құнар­лы жем-шөппен қамтамасыз ету барысында 2011 жылы жүгері егі­сін жалпы 250 гектарға, жоңыш­­­қа егісін 4674 гектарға ұлғайту межеленіп отыр. Үсті­міз­дегі жылы бұрын субсидия­лан­баған жоңышқа дақылына да субсидия төленетін болып, жоңышқа егі­сінің әр гектарына төленетін  суб­сидия 600 теңгені құрайды. Со­нымен қатар  егілетін жоңыш­қа дақылының өнімді­лік сапасын арттыру мақсатында элиталық тұқым өсіретін 1 ша­руашылық құрылды. Сондай-ақ, мал басын зоотехникалық талап­тарға сай азықтандыруға қол жеткізу үшін 2 құрама жем шығаратын зауыт ашу жоспарлануда. Аталмыш іс-шараның барлы­ғы елді сапалы етпен, төменгі бағадағы азық-түлікпен қамтама­сыз ету үшін жасалып жатқаны айтпаса да түсінікті. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда облысы.