Ауыр атлетика • 05 Мамыр, 2017

Зүльфия Чиншанло Токио Олимпиадасына қатыса алады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық ауыр атлет Зүльфия Чиншанлоның дисквалификация мерзімі 2018 жылдың мамыр айында бітеді. Яғни, ол 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатыса алады.

Зүльфия Чиншанло Токио Олимпиадасына қатыса алады

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (ХААФ) шешімі бойынша, штангашы қыздың сынамасынан допинг табылып, ол 2016 жылдың мамыр айында екі жылға спорттан шеттетілген болатын.

Лондонда өткен жазғы ойындарда Чиншанло алтын медаль жеңіп алған-ды. Бірақ допинг дауына байланысты ол жүлдесінен айырылды.

Бүгін ХААФ-тың қазақстандық үш ауыр атлетке санкция қолдану туралы ресми шешімі шықты. Оған сәйкес Светлана Подобедова сегіз жылға спорттан шеттетілді.