Осы күндері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери полигонында Қазақстан мен Ресей Қарулы Күштері қатысатын «Шығыс – 2011» бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі өтуде.
Бұған дейін Қазақстанның әр түрлі полигондарында өткен командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларына «Шығыс», «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының, Әуе қорғанысы күштерінің құрамалары мен бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімшелері қатысты. Ал «Шығыс – 2011» жаттығуларының шеңберінде «Қызылағаш» полигонында өткен Қазақстан Әуе қорғанысы күштері мен Ресей Әскери әуе күштері «Әуе күштері – 2011» бірлескен жаттығуларында екі ел әскери әуе күштерінің басшылығы мен ұшқыштары бірлесе қымылдау арқылы жақсы тәжірибе жинақтай алды.
Қазіргі таңда десантты-шабуылдаушы бөлімшелер ең ұтқыр және барынша дайындалған бөлімше болып табылады. Аз құрамда, заманауи қару-жарақтармен жарақталған десантшылар тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға қабілетті. Қазақстан мен Ресейдің бөлімшелері ҰҚШҰ Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің құрамына кіретіні белгілі. Олар үшін мұндай жаттығулардың тапсырмаларын орындау ҰҚШҰ Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің іс-қимылы шеңберіндегі тапсырмалармен ұштасып жатыр.
Кеше «Шығыс» полигонында оқу-жаттығудың мазмұнына сай жауынгерлік іс-қимылдар өткізілді. Қазақстан және Ресей Қарулы Күштері өкілдерінен құралған коалициялық топ шартты әскери қақтығыс орын алған аумақтағы жағдайды тұрақтандыруға арналған операцияларды бірлесіп жүргізді.
Жаттығуларға барлығы 3500-ден астам әскери қызметші қатысуда. 500-ден аса автомобильді және бронды техника тартылған. Олар – жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, Т-74 танкі, бронды транспортерлер. «Град», «Гиацинт», «Мста», «Гвоздика» сынды артиллериялық қондырғылар да өз позицияларынан артиллериялық соққы берді. Жаттығуларға Қазақстан мен Ресейден отыздан астам авиатехника қатыстырылды. Олардың қатарында Су-27, Су-24, Ту-22, Ил-76 ұшақтары мен Ми-24, Ми-17, Ми-8МТ тікұшақтары бар.
Әскерлерді басқару негізі байланыс болып табылатыны белгілі. Жаттығу барысында Қазақстан жағы далалық жағдайда спутниктік байланыс орнатып, интернет желісін қосты. Далалық жауынгерлік басқару орталығындағы баяндаулар мен тыңдаулар заманауи бейнеконференция желісін қолдану арқылы жүзеге асты.
Жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің әскери басшылығы жаттығулардың басты мақсаты – басқару органдарының өзара іс-қимылы сәтті орындалды деп шешті. Командирлер мен штабтар арнайы операциялар жүргізуге тәжірибе жинақтаса, әскерлер өздерінің далалық біліктерін жетілдірді. Сонымен қатар, екі елдің әскербасыларына әскерлердің коалициялық топтарын құру, оны жасақтау және қолдану мәселелерін зерттеуге қосымша мүмкіндік туды.
Дина МУХАРИНОВА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.

Әйгілі «Үйде жалғыз» фильмі үлгісіндегі пряник үйі Гиннес рекордын орнатты
Әлем • Бүгін, 11:20
Активтерді қайтару: 7,5 млрд теңге Қарағанды облысының медицинасына жұмсалады
Медицина • Бүгін, 11:07
Илон Масктың байлығы рекордтық деңгейге жетті
Әлем • Бүгін, 10:51
World Boxing: Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды
Бокс • Бүгін, 10:45
Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды
Оқиға • Бүгін, 10:32
Франция президентінің резиденциясынан заттар ұрланған
Әлем • Бүгін, 10:27
Қарағанды мектептеріне төнген қауіп туралы ақпарат жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 10:17
Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын қайталады
Спорт • Бүгін, 09:52
Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Оқиға • Бүгін, 09:45
Жаңа жылдан бастап ел азаматтары жеке куәлікті тегін алады
Қоғам • Бүгін, 09:33
Қаржы • Бүгін, 09:26
ERG мен Жапония әріптестігі: Галлий өндірісіндегі Қазақстанның серпілісі
Экономика • Бүгін, 09:15
Арқалық тасжолында 45 жылқы тиеген жүк көлігі аязда қалып қойды
Оқиға • Бүгін, 09:00
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:33