Ұлттық өнеріміздің алтын арқауының бірі саналатын қолөнершілер көрмесі өткен аптада елорда күніне орай, Президенттік мәдениет орталығында «Шеберлер-2011» деген атпен өтті. Бұған «Қазақстандағы қолөнер мен дәстүрлі кәсіпшілікті қайта жаңғырту» бағдарламасының аясында, «Шеврон» компаниясы және Орта Азияның Еуразия қорының бастамасымен «Our Heritage» қоғамдық қоры ұйытқы болды. Сонымен қатар, бұл игі шараға Отанымыздың Мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО да қолдау көрсеткенін айта кетсек дейміз.
Көрмеге еліміздің аймақтарында тұратын шеберлердің 92 туындысы түсіп, іріктеу барысында Астанадағы сайысқа 20 қатысушының шығармалары «Асыл ұстаз», «Дарынды бастау», «Озат іскер», «Жоғары сапа», «Жаңашылдық», «Төлтума», «Жоғары шеберлік» деп аталатын жеті номинация бойынша жіберілген екен.
Қолөнер кәсібін дамытуды мақсат еткен өнер сайысы ең алдымен ел ішіндегі дарындыларды тауып, олардың шебер қолынан шыққан дүниелерді көрмеде көрсетіп, одан кейін игілікке жаратуды ниет еткен екен. Бұл іс осыдан екі жыл бұрын басталғанын назарға сала кетсек дейміз. «Біздің компания 18 жыл бойы мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, адами және институционалды әлеуетті дамытуға бағытталған көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы ел экономикасына, рухани өмірге өз үлесін қосып келеді», – дейді Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі директоры Еркін Зікібаев.
Көрмеге қойылған конкурстық жұмыстарға өнертанушылар, суретшілер, Мәдениет министрлігінің, ЮНЕСКО және «Шеврон» компаниясының өкілдерінен, сол секілді Малайзиядан қолөнер бұйымдарының сапасы бойынша халықаралық сарапшы Эдрик Онг бастаған беделді сараптау комиссиясы қазылық жасады. Олардың шешімі бойынша жоғары бағаланған рухани құндылықтар жеңімпаз деп танылып, авторларына бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Сүлеймен МӘМЕТ.
Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Референдум • Бүгін, 18:57
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 18:35
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Қоғам • Бүгін, 18:18
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Спорт • Бүгін, 18:04
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Экспорт • Бүгін, 17:52
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Елорда • Бүгін, 17:40
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 17:34
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Оқиға • Бүгін, 17:22
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Тарих • Бүгін, 17:13
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Ғылым • Бүгін, 17:11
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 17:05