Әлем • 09 Мамыр, 2017

Саудия мен АҚШ мәлімдемелері мұнай бағасын қайта көтерді

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен апта соңы күрт арзандаған қара алтын осы апта басында қайта оңала бастады.

Саудия мен АҚШ мәлімдемелері мұнай бағасын қайта көтерді

ОПЕК+ келісімінің 25 мамырда қайта ұзартылатыны туралы позитивті пікірлерден кейін баға 47 доллардан көтеріліп, бүгін 49 долларға дейін жетті.

Дегенмен, салыстырмалы түрде баға күткендегіден анағұрлым арзан. Сарапшылар былтыр осы уақытта Бренттің бағасы 55 доллардан асады деп болжаған. Сәуір айында баға сол межеге жеткенімен, кейін ОПЕК+ келісімінің ұзартылатынына байланысты күмәннің туындауына байланысты мұнай қайта арзандап кеткен еді.

Бағаның әлі де босла қалпына келмей жатуының бір себебі АҚШ-тан шығатын мәліметтердің екіұдайылығы. Соңғы уақытта қор нарығында бағаны төмен алушылар көбейіп, бұл өз кезегінде нақты нарықта бағаның көтерілуіне алып соққанымен, АҚШ мұнай-газ институның апталық деректерінде шикізат қорының әлі де болса азаймай жатқандығы айтылуда.

Ал Сауд Арабиясы энергетика министрлігінің бірер күн бұрын жасаған мәлімдемесіне сүйенсек, ОПЕК елдері аталған келісімді қайта ұзартуға мүдделі екен. Осы жаңалықтан кейін мұнай бағасының тренді жоғары тартқан.