13 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №380

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2011 жылғы 21 маусым,   Астана қаласы «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 болып тiркелген, «Ресми газет» газетінің 2002 жылғы 31 тамыздағы № 35 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу Ережесі: мынадай мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын: «4-1. Мемлекеттік тізілімге Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифімен белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданауына қатысы бар темір жол жылжымалы құрамы туралы қосымша мәліметтер енгізіледі. Қосымша мәліметтер кедендік бажын төлеу туралы ақпаратты қамтиды.»; мынадай мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын: «6-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға берген жағдайда уәкілетті органды хабарлау, сонымен бірге жалға берушінің немесе жалға алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет.»; мынадай мазмұндағы 24-1 тармағымен толықтырылсын: «24-1. Қазақстан Республикасы оған қатысты Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифтерінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамын өзге Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында бұдан әрі қолдану үшін сатылған жағдайда сатушының немесе сатып алушының Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің ставкалары бойынша есептелген кедендік баждарының сомасы айырмасының мөлшерінде кедендік бажды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынғаннан кейін Мемлекеттік тізілімінен шығарылуға жатады.». 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С.Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Б.КАМАЛИЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7038 болып енгізілді.