20 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №28-3/472

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 12 тамыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 28-3/170 және «2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру туралы» 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 28-3/227 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабының 2-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мынадай: 1) «2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге одан әрі шағын кредит беру үшін шағын кредиттік ұйымдарға кредит беру туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 28-3/170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6892 болып тіркелген, 2011 жылғы 13 мамыр № 194-195 (26597) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) «2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру туралы» 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 28-3/227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6945 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 мамырдағы № 215-216 (26614) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мәлімет үшін жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің м.а.   С.ХАСЕНОВ.