2011 жылғы 30 наурыз, Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы №731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 15-бабының 1, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 343-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
7, 8, 9, 11, 14-тармақтардағы «және (немесе) лицензияға қосымшаны», 12-тармақтағы «және (немесе) лицензияға қосымша», 13, 16-тармақтардағы «және (немесе) лицензияға қосымша», «және (немесе) лицензияға қосымшаның», «және (немесе) лицензияға қосымшаны» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оларды сақтауды және көтерме саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті орган береді.
Алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері береді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде лицензиарлар қызмет объектісінің орналасқан жері бойынша өздерінің аумақтық органдарының қызметкерлерін тартуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Лицензия нақты мекенжайы бойынша әрбір қызмет объектісіне беріледі.»;
6-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтың екінші бөлігіндегі «күні ішінде» деген сөздерден кейін «, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Лицензия барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап:
1) субъектілерге алкоголь өнімін сақтау мен көтерме саудада сатуға, сондай-ақ орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімін сақтау мен бөлшек саудада сатуға – отыз жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне алкоголь өнімін сақтау мен бөлшек саудада сатуға – он жұмыс күнінен кешіктерілмей беріледі.».
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.