20 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы №198

350 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

2011 жылғы 11 шілде, Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.Т.Берсебаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Н.Н.Оразовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 198 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдерді бағалау дәрежесінің критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) тексерілетін субъектілерді белгілі бір тәуекел тобына жатқызу мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақ­стан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тарма­ғына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы­ның 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайда­ланылады: 1) тексерілетін субъектілер - қызмет барысында Ұлттық мұрағат қорының құжаттары пайда болатын мемлекеттік заңды тұлғалар; сондай-ақ мұрағат ісін басқару және жүргізу органдары; 2) тәуекел – салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұра­ғат қоры құжаттары мен жеке құрам бойынша құжат­тарға зиян келтіру, жоғалту (жою) ықтималдылығы. 3. Тәуекел дәрежесіне қарай тексерілетін субъек­тілер жоғары, орташа немесе төменгі тәуекел топта­рына жатқызылады. 4. Алғашқыда барлық тексерілетін субъектілер төменгі тәуекел дәрежесіне жатқызылады. Тексерілетін субъектілерді төменгі тәуекел дәре­жесі тобының ішінен басымды іріктеу үшін сақтау­дағы құжаттардың ең үлкен көлемі негіз болады. 5. Бұдан әрі тексеру нәтижелері, критерийлер бойын­ша жинаған баллдарды есепке ала отырып, тексеруден өткен тексерілетін субъект тәуекел дәрежесінің тиісті топтарына қайта бөлінеді: 1) тәуекел дәрежесінің төменгі тобына тексеру нәтижесі бойынша 1-ден бастап 5-ке дейін балл жинаған тексерілетін субъектілер жатады; 2) тәуекел дәрежесінің орташа тобына тексеру нәтижесі бойынша 6-дан бастап 11-ге дейін балл жинаған тексерілетін субъектілері жатады; 3) тәуекел дәрежесінің жоғары тобына тексеру нәтижесі бойынша 11 баллдан жоғары жинаған тексерілетін субъектілер жатады. 6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері болып мыналар табылады: құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы – 1 балл; құжат айналымын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы - 1 балл; келісілген істер номенклатурасының болмауы, істерді қалыптастыру мен мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы – 1 балл; ведомстволық мұрағатта Ұлттық мұрағат қоры­ның құжаттарын белгіленген уақытша сақтау мерзімдері мен мемлекеттік мұрағатқа беру тәртібінің бұзылуы– 1 балл; Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттардың есебінің жүргізілмеуі – 1 балл; мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағат­тардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттарға ғылыми-анықта­малық аппарат жүйесінің болмауы – 1 балл; Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау режімі мен жағдайларының бұзылуы – 6 балл; Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен жеке құрамы бойынша құжаттарды пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдде­лерінің бұзылуы – 6 балл; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйек­тегі № 128 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тіркелген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көсете отырып бекітумен белгіленген сақтау мерзімдерінің бұзылуы – 6 балл; мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағат­тарда Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойын­ша құжаттардың физикалық, химиялық және техни­калық жай-күйін есепке алудың болмауы – 6 балл; Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттардың сақта­луының қамтамасыз етілмеуі – 12 балл; Ұлттық мұрағат қоры мен жеке құрамы бойынша құжаттарды мемлекеттік органдардың келісімінсіз жою – 12 балл. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 8 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7112 болып енгізілді.