2011 жылғы 7 маусым, Астана қаласы
«Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес
бұйырамын:
1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
әуе кемелерін пайдаланушы – әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе өздерінің осы саладағы қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
әуе кемесіне тиеу коэффициенті – әуе кемесіндегі отырғызу орындарының санына тасымалданатын жолаушылардың санының қатынасы;
құзыретті орган – өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін және әуе кеңiстiгiн пайдалануды үйлестіру мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
мерзiмi өткен кредиторлық берешек – төлем мерзiмдерi туралы шартқа сәйкес әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйымы алдындағы қаржылық мiндеттемелерiнiң, ақшалай қарыздарының белгіленген мерзiмде атқарылмаған сомасы;
өтеу кестесi – әуе кемелерiн пайдаланушының, әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның бiрiншi басшысының қолымен расталған, әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның алдында әуе кемелерiн пайдаланушының мерзiмi өткен кредиторлық берешегiн өтеу кестесi;
өтініш беруші – уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінімді ұсынған әуе кемесін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигация ұйымы;
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
уақытша төмендету коэффициенті – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
шартты-ауыспалы шығындар – реттеліп көрсетілетін қызметтер көлеміне тәуелді реттелетін қызметтер ұсынуға байланысты субъектінің шығындары.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
«3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген өлшемге жатқызылған, субсидияланатын авиакомпанияны қоспағанда, әуе кемесін тиеу коэффициенті 0,5-тен кем құрайды.»;
8-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«8. Осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уақытша төмендету коэффициенттері ұсынылатын жағдайды қоспағанда, әуе кемелерiн пайдаланушы үшiн уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту әуежайдың және (немесе) аэронавигациялық ұйымның алдында қызметтерге ақы төлеу бойынша мерзiмi өткен кредиторлық берешегi болмаған жағдайда немесе кредиторлық берешегiн өтеу кестесiне сәйкес өтеген жағдайда жүргiзiледi.».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е.Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін және Заң департаментіне (М.Ш.Мукушева) жарияланғаны туралы хабарласын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Атырау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының, «Сары - Арқа халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының және «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н.АЛДАБЕРГЕНОВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7053 болып енгізілді.