26 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №192-НҚ

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2011 жылғы 28 маусым  Астана қаласы

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

 «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 1-тармағы 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4166 нөмірмен тіркелген, «Заң газеттінде» № 81 (1061) нөмірінде 2006 жылғы 5 мамырда жарияланған мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiнде: 11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын: «2) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтайды;». 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтерді Заң департаментіне (М.Ш.Мукушева) кейіннен ұсына отырып ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М.Смағұловқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға Н.АЛДАБЕРГЕНОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 22 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7082 болып енгізілді.