Үкімет • 17 Мамыр, 2017

Жалпы ішкі өнім 4 айда 3,7% өсті – Сүлейменов

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 4 айында Қазақстанның ЖІӨ-і 3,7 пайызға өскенін мәлім етті.

Жалпы ішкі өнім 4 айда 3,7% өсті – Сүлейменов

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев босаңсымай, қол жеткізілген жетістікті ары қарай өрістетуді тапсырды.

«Қорытындыдағы мәліметтер жалпы жаман емес, бірақ төрт айда болған жетістіктер бізді босаңсытпауы керек. Қазір Ұлттық экономика министрі база соншалықты көп болмағанын да айтты, бірақ негізгі жұмыс екінші жартыжылдықта болады. Сондықтан барлығымызға орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Осы орайда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне өңдеуші өнеркәсіптегі қалыс қалып келе жатқан салалардағы жағдайды түзетуге көңіл аударуы тиіс», деді Үкімет басшысы.

Тимур Сүлейменовтің пікірі бойынша, аталмыш көрсеткіштер жыл бойына сақталмайды. Себебі, 2016 жылдың алғашқы 5 айында ЖІӨ әрдайым құлдырап келді және 0,2%-ке дейін жеткен болатын.

«Сондықтан алғашқы жартыжылдықта бұл эффект толықтай сарқылады және жылдың 2,5 пайыздық өсімге қол жеткізу үшін өсімнің жаңа қорларын іздестіруіміз керек болады», деп қорытындылады Т. Сүлейменов.