21 Мамыр, 2017

Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Бас жүлде – Төлеген Жамановта

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында қатарынан екі күн болған «Ақтөбем менің, еңселі, жырыма қосам мен сені» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. Айтулы жыр додасын «Нұр Отан» партиясы қолдап Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облысының «тілдерді дамыту» басқармасы ұйымдастырды.

Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Бас жүлде – Төлеген Жамановта

Айтысқа Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сейіт Қасқабасов, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Несіпбек Айтұлы, айтулы ақындар Мейірхан Ақдәулетұлы мен Ертай Ашықбаев және белгілі айтыскер Серікзат Дүйсенғазылар қазылық жасады.

Ақтөбе облысының 85 жылдығына арналған бұл сөз додасына Төлеген Жаманов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров, Ринат Зайытов, Мақсат Аханов, Жансая Мусина, Нұрмат Мансуров,  Аспанбек Шұғатаев, Рүстем Қайыртай, Мейірбек Сұлтанхан, Дидар Қамиев, Данияр Алдаберген, Қалижан Білдәшев, Аян Сейтов, Дәурен Ақсақалов, Әсем Ереже, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, , Әлихан Жақсылық, Жәнібек Бейбіт сында ақындар қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бұл айтыста Бас жүлде (2 миллион теңге) Төлеген Жамановқа бүйырды. Ал, 1-орын (1,5 миллион теңге) Ринат Зайытовқа, 2-орын (1 миллион теңге) Жансая Мусинаға , 3-орын (500 мың теңге) Дидар Қамиев, Мақсат Аханов, Мейірбек Сұлтанханға бұйырды.

Аламан айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің Халықарлық Одағының басқарма төрағасы, айтыстың ақсақалы Жүрсін Ерман жүргізді.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан"