25 Қараша, 2016

Азаматтық – абыройлы мәртебе

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лы­қованың басшылығымен Қазақстан Президенті жа­нындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Басқосуда Қазақстан аза­мат­тығына қабылдау және шы­ғару мәселелері қаралды. Жиында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Тәуел­сіз­дік алған кезден бастап Қазақ­станның азаматы болуға тал­пынған адамдардың саны үнемі өсуде екендігін атап өтті. Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жы­лында елімізге 983 мың 733 азамат келген. Бұл дерек Мемлекет басшысының парасатты басшылығы арқасында өсіп-өркендеген еліміздің әлеу­­меттік-экономикалық же­тіс­тіктерін, орнықты дамуын, ұлтаралық келісім мен тұ­рақтылықтың берік ор­нағанын айқындай түседі. – Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы қарсаңында көп­теген адам Қазақстан аза­мат­ты­ғын алғалы тұр. Біз олар­ға бақытты өмір және Отаны­мыздың игілігі үшін табыс­ты қызмет етуін тілейміз. Олар­дың тәуелсіз Қа­зақ­стан­ның лайықты азаматы бола отырып, оның әрі қарай дамуы­на өз үлестерін қоса­тынды­ғына сенім білдіреміз, – деді Гүлшара Әбдіқалықова. Айта кетейік, Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев тиісті Жарлыққа қол қой­ғаннан кейін жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттың 622 өкілі Қазақ­стан азаматы атанатын болады. Жиын қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсы­ным­дар қабылданды. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»