25 Қараша, 2016

Әділбекті сыйлаймын, ал рингте жақсы қарсылас боламыз – Әлімханұлы

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
251116-alimkhanuli Павлодар қаласында Бокстан Қазақстан чемпионатының 5-ші күні артта қалды. Бұл күні шаршы алаңға 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81 және 91 кг салмақ дәрежесіндегі боксшылар шығып, жартылай финалдың жолдамаларын сарапқа салды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан келгеннен кейін, 75 келі салмақтан 81 келіге ауысқан Жәнібек Әлімханұлы ширек финалдық бәсекесін мерзімінен бұрын аяқтап, тілшілерге берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысу мәселесі ел біріншілігінен кейін белгілі болатынын айтты. «Жаңа салмақ маған аса бір қиындық тудырып жатқан жоқ. Бұл салмаққа да жақсы дайындықпен келдім. Өздеріңіз білесіздер, 81 келі салмақта осыған дейін Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов өнер көрсетіп келді. Ол Риода жүлдегер болғаны үшін ел біріншілігінен босатылған. Мен Әділбекті аға ретінде өте қатты сыйлаймын. Ал рингте жолығып жатсақ, бір-бірімізге жақсы қарсылас болатынымызға да сенем. Ал кәсіпқой боксқа ауысу мәселесі ел біріншілігі аяқталған соң барып, белгілі болады. Дәл бүгін, ертең ешнәрсе айта алмаймын», – деді Жәнібек Әлімханұлы. Естеріңізге сала кетейік, Павлодарда өтіп жатқан ел біріншілігі 27 қараша күні өз мәресіне жетеді. Үздік шыққан боксшылар ұлттық құрамаға қабылданады.