30 Мамыр, 2017

Сыртқы саясат мақсаты

2437 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстанның сыртқы саясат­та көпвекторлық принципін таң­да­уы – елге барлық басым держава­лар­мен тіл табысу мүмкіндігін бер­ді. Көпвекторлық сыртқы саясат негізінде Қазақстан біртіндеп әлем­­дік аренадағы ойыншы мемле­кет­ке ай­налуда. Әлем Қазақ­стан­­ның бей­біт­шілік сүйгіш, ын­ты­мақ­тас­тық­қа ашық, сауда мен инвес­ти­ция­лар­ға қолайлы саясатына куә болды. 

Сыртқы саясат мақсаты

1992 жылы 5 наурызда, БҰҰ-ға мү­ше болып қабылданған сәттен бас­тап, Қазақстан әлемдік бейбіт өмір мен ынтымақ трендтерін күшейтуге ат­са­лы­са бастады. Сол жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше болып, «Еуропаға терезе» бағдарламасын іске асыра бастады. Дамыған Еуропа мемлекеттерінің бар­лығымен дерлік өзара пайдалы және тиімді қатынастар орнатылды. Дамыған мем­лекеттер Қазақстанның бейбітшілік сая­сатының үлгісін көрді.
Елге әлемдік абырой әкелген ал­ғаш­қы қадам 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жа­бы­луы­­мен жасалды. Жер шарындағы ең қу­атты 500-ге жуық ядролық жарылыс жа­салған полигонның үні өшті. Бұл қа­дам әлемдегі ядролық қауіпсіздікті кү­шей­туге қосылған қомақты үлес болды. Қазақстанның үлгісіне АҚШ, Қытай, Франция сияқты ядролық полигондары бар мемлекеттер ден қойды.
Екінші тарихи қадам – Қазақстанның өз жеріне орналасқан 1200-дей ядролық қарулы баллистикалық зымырандардан бас тартуы болды. Ядролық қуаты әлемдегі төртінші орындағы осынша­ма алапат қаруды Қазақстан 1994 жы­лы халықаралық бақылаушылардың қа­­ты­суымен Ресейге көшірді. Ядро­лық қаруды тартпау туралы шартқа, Яд­­ро­лық сынақтарға тыйым салу ту­ра­­лы шартқа қол қою арқылы Қа­зақ­стан ядролық қарусыз мемлекеттер қа­тарына қосылды. Өз кезегінде АҚШ, Ре­сей, Ұлыбритания, Франция Қазақ­с­тан­ның саяси тәуелсіздігіне, ау­­мақтық тұ­­тастығына кепілдік бе­ре­тін мін­дет­те­­ме­ге қол қойды. Әлем ха­лық­та­ры Қа­­з­ақ­станның бейбіт үлгісін құр­мет тұ­­та бастады.
Қазақстан әлемдік қауіптер мен қа­терлер, діни және этносаралық қай­шы­лықтар, халықаралық терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес мә­­селелеріне байланысты бірнеше ма­ңыз­ды бастама көтерді. Соның ішін­де Ауғанстан, Сирия, Қырғызстан елде­рін­дегі дағдарысты реттеуге байланыс­ты Қазақстанның ұстанымын әлем мем­ле­кет­тері қолдады. Осындай тиімді, ха­лықаралық бейбітшілікті нақты ны­ғай­татын саясатының арқасында Қа­зақ­станды ширек ғасыр ішінде әлемнің 193 тәуелсіз мемлекетінің 160-тан ас­­та­мы таныды. Олардың 120-сымен дип­ломатиялық қатынастар орна­тыл­ды. Шет елдерде Қазақстанның 70-тен астам елшіліктері ашылды. 2000-нан астам мемлекетаралық жә­не үкіметаралық шарттар мен ке­лі­сім­дерге қол қойылды. Қазақстан 500-ден астам халықаралық ұйымдар мен қозғалыстардың мүшелігіне ен­ді. Соның ішінде 10 халықаралық қар­жылық ұйымдар: Дүниежүзілік ба­нк, Халықаралық валюта қоры, Еу­ро­па қайта құру және даму банкі, Ис­лам бан­кі сияқты беделді қаржылық орт­а­лық­тар бар.
Айтылған мысалдар Қазақстанның ха­­лық­аралық қатынастардың то­лық­қан­ды субъектісіне айналғандығын дә­­лел­дейді. Алдағы мақсат – әлем мем­ле­к­еттерімен тығыз байланысты ел хал­қының материалдық әл-ауқатының елеулі жақсаруына қызмет еткізу. Ол үшін бірінші кезекте Қазақстан өзімен дос мемлекеттер қатарында бейбіт және ер­кін дамуы керек. Елге жау ортаның бол­мауын ұдайы қадағалап отыруға тиіс­піз. Себебі, Азия мен Еуропаның ор­­та­сында тұрған Қазақстанның әлем­дік басым державалар үшін геосаяси, геоэкономикалық маңызы үлкен. Ресей, Қытай, АҚШ, Иран, Түркия, ЕО мемлекеттерінің өз мүдделері мен көкейкесті мақсаттары бар. Қытай үшін, мысалы, Қазақстан – шикізат көзі, тауар рыногы және Жібек жолы белдеуіне кіретін транзиттік дәліз. 
Бүгінгі мақсат – мүдделер жиын­ты­ғын дұрыс бағалап, тарқата білуде. Қазақстанның халқына, экономикасына, инфрақұрылымы мен болашағына пай­далы трендтерге ден қою. Өз мүдде­міз­ді батыл және тиімді шаралармен қор­ғап отыру. Ешбір елге жалтақтамай, өзі­мізде мұнай өңдеу зауытын салуға тиіс­піз. Ұранды да кен қалпында сатуды тоқтатқанымыз жөн. Өйткені, бұлар орасан пайда әкелетін мәселелер болып табылады. Алдағы уақытта мемлекетті қуатты ететін, халықтың әл-ауқатын жақсартатын қандай да болсын шараларды батыл іске асыру сыртқы саясаттың маңызды міндетіне ай­налуға тиісті. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты елімізге әлем­дік өркениеттің, демократияның, аза­маттық қоғамның, құқықтық мем­ле­кеттің және рухани тәрбиенің ең озық үлгілерінің насихатталуына жә­не енуіне атсалысуы тиіс. Онсыз Қа­зақстан әлемдік интеллектуалдық дамуда артта қалып қояды. 

Сайын БОРБАСОВ, 
саяси ғылымдар докторы, профессор