Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Алматыда 60-шы жылы туғандардың фотокөрмесі өтеді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусымның алғашқы күнінде Алматыда айрықша көрме ашылады. «Алматы» қонақүйінің кіре берісіндегі негізгі холға тізілген көрмеге бұл қалада 1960-1980 жылдары дүние есігін ашқан адамдардың ерекше сезімге бөлейтін фотолары қойылмақ.

Алматыда 60-шы жылы туғандардың фотокөрмесі өтеді

«Алматының балалары» атты көрме Қазақстан  қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ашылады деп күтілуде.

Осылайша, 60-шы жылдары туған алматылықтар ретроперспективалық көрменің кейіпкерлеріне айналады.

Сурет көрмесіне XX ғасырдағы ескі қаланың көрікті жерлерінің қасында және де басқа көріністерде сол кездегі кішкентай алматылықтардың түсірілген архивтік суреттері ұсынылған.

Аталмыш көрмеге қатысу үшін алматылықтар жүзге жуық суреттер жолдаса, олардың ішінен  30 үздік сурет таңдалды.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»