Қазақстан • 31 Мамыр, 2017

Алаш қайраткерлерінің ұрпағына құрмет көрсетілді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне арнайы барды.

Алаш қайраткерлерінің ұрпағына құрмет көрсетілді

Музейде ол Кенесары ханның немересі, Алашорда үкіметінің мүшесі, саяси қуғын-сүргін құрбаны Әзімхан Кенесариннің ұрпағы Асылхан Әшімханов пен қазақтан шыққан тұңғыш режиссер, қоғам және өнер қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жұмат Шаниннің немересі Райхан Мырзағалиевамен кездесіп, иықтарына шапан жапты.

Бүгінгі таңда музей қорында 16 мыңнан аса жәдігерлер, құжаттар мен фотоқұжаттар сақтаулы. Жыл сайын музейге 15 мыңға жуық адам келіп, 300-ден астам жаңа экспонаттармен толықтырылады. Мұнан бөлек, мұнда 20-ға жуық мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы ұлтты өркендететіндігін айтып өтті. Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл, осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті, халқымыз үшін де қасіретке толы, зобалаң да зұлмат жылдар болды. Біз тарихтың ащы сабағынан болашаққа оңтайлы ой түйіп, өзімізден бастап, рухани байлығымыз бен әлеуметтік-экономикалық үрдісімізді заман талабына сай жаңғыртып, дамыту ісіне ат салысып, келешек ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етейік!» деді жиында облыс әкімі.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»