Аймақтар • 31 Мамыр, 2017

Оңтүстікте халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы жоғарылады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев денсаулық сақтаудың жақсарғанын айтты.

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 70 жасқа жоғарылаған. Сол сияқты, нәрестелер өлім-жітім көрсеткіші 1000 балаға шаққанда 17,1%-дан 4,6%-ға төмендесе, жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,1%-дан 1,6 %-ға азайған. Сондай-ақ, туберкулез дертімен сырқаттанушылық 1000 адамға шаққанда 85%-дан 27%-ге төмендеп, қан айналым жүйесінен болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 137,2%-дан 10,7%-ге, онкологиялық аурудан болған өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 35,8%-дан 15%-ға кеміпті.

Қала әкімі сонымен бірге шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етер инвестиция, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық сынды бірқатар салалардағы жетістіктерді жіліктеп берді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»