XXI ғасырда ұлттық құндылықтарды сақтау, ұлттық сананы өрістету күн тәртібінен түспейтін мәселе екені айқын. Әлемдегі 30 елдің қатарына кіру үшін мақсатымыз айқын, ісіміз өнімді, жоспарымыз жүйелі болуы тиіс. Біз Қазақ елінің рухани жаңғыруы ұлттың бірлігі мен тұтастығынан бастау алады деп ұғынамыз. Ұлттық кодты сақтау – халқымыздың бойына сіңген ұлттық құндылығын, ана сүтімен, әке қанымен дарыған нәрлі тамырымыздан ажырамас бір белгісі.
Бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы тақырыптары және таяу жылдарда алға қоятын мақсаттар мен міндеттер кеңінен айтылған.Бұл көтерілген мәселенің барлығын өзекті, қоғамның ерекше ықыласына бөленген бағдарламалар санатына қосар едім.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын оқи отырып, ұлттық бірегейлікті сақтау тармағы көпшіліктің көкейіндегіні дөп басқан тұжырым. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Салт-дәстүр, тіл, музыка, әдебиет, жоралғылар, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалу керек», дегенді айтты.
Сонымен қатар, «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дүниежүзілік әр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылған кітаптарды қолданысқа енгізу мәселесін зор қуанышпен қабылдадым. Қолыма қалам ұстап, әдеби еңбектер, мақалалар жазып жүрген өзіме үлкен серпіліс сыйлады. Әлемдік еңбектерді менің замандастарым 2018-2019 оқу жылдары қазақ тілінде оқитын болады. Бұл – ұлттық бірегейлікті сақтаудың бөлшегі деп ұғынуымыз қажет.
«Туған жер» бағдарламасы да – отансүйгіштіктің өзегі. Парасат-пайымы жоғары перзенттің атамекенінің қалыптасуына, ауылының гүлденуіне, іңкәр сезіммен қарауына серпін беретін бағдарлама боларына сенімім мол.
Әділбек ӨМІРЗАҚОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің студенті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған, қоғамда кеңінен талқыланып, бірқатар мәселелердің шешілуіне мұрындық болар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын «үшінші жаңғыру дәуірінің» төлқұжаты ретінде қабылдадым.
Үкімет басшысы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Үкімет • Бүгін, 16:12
Астанада Тәуелсіздік күніне орай жүзуден республикалық турнир өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:12
Алматыда Тәуелсіздік күні қалай тойланады
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Цифрлық дәуірдегі ақиқат күресі
Пікір • Бүгін, 15:50
Түркістанда жаңа жылға орай қаланы безендіруге қаржы бөлінбейді
Аймақтар • Бүгін, 15:35
Түрлі-түсті металдар бойынша 60 перспективалы учаске анықталған
Қазақстан • Бүгін, 15:19