Аймақтар • 02 Маусым, 2017

Өскемен әкімдігi тұрғындарға "WhatsApp" арқылы жауап береді

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан үш күн бұрын ғана Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалған Қуат Тұмабаевтың бастамасымен қала әкімдігi шаһар тұрғындарымен тікелей байланыс орнату және мәселелерін тыңдау мақсатында WhatsApp арқылы "шұғыл желі" ашты.

Өскемен әкімдігi тұрғындарға "WhatsApp" арқылы жауап береді

"Қала әкімі WhatsApp желісі арқылы шаһардағы өзекті мәселелерді анықтап, шұғыл шешу үшін осындай жобаны қолға алып отыр. Әкімдіктің WhatsApp нөмiрi  - 87057784538. Қала тұрғындарының қойған сауалдарының ешқайсысы да назардан тыс қалмайды. Маңызды сұрақтар қала әкімінің тікелей қадағалауында болады", - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Азамат Қасым,

" Егемен Қазақстан "

Өскемен