Қазақстан • 05 Маусым, 2017

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жақындады

249 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2017 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 17 994,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар – 7 649,1 мың адамды (42,5%) құрады. 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жақындады

Халықтың табиғи қозғалысы

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 121,5 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 7,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,49 туылғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,0 мың адамға немесе 10,4% кеміп, 77,2 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,01 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 44,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,48 қайтыс болғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі 1054 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 24,5% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 506 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 48,0% құрады. Туа біткен ауытқулардан 256 немесе 24,3%, тыныс органдары ауруларынан – 78 немесе 7,4% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 62 немесе 5,9% нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-сәуірде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,68 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-сәуіпмен салыстырғанда 42,2% көбейіп, 5 888 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 0,8% көбейіп, 7 727 адамды құрады, көші-қонның айырымы -1 839 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

• ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,3%;
• ТМД елдерге кеткендердің үлесі 86,9% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,8% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

• Астана қаласы – 18 052адам;
• Алматы қаласы – 7 800 адам;
• Ақмола облысы – 1 361  адам;
• Алматы облысы – 814 адам;
• Атырау облысы – 21 адам қалыптасты.