Алайда, елорда клубы еңсе түсірмей, сенбі күні 15-тур аясында өткен матчта «Атырауды» 4:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, «теміржолшылар» «Қайратпен» арадағы екі ұпай айырмашылығын сақтап қалды. Бұл жерде «Астананың» бір ойынды кем өткізгенін де есептен шығармау керек. Қалай болған күнде де, чемпионаттағы текетірестің қайта оралғанын айту керек.
«Қайрат» бұл турда Қарағандының «Шахтерін» қабылдап, үш доп айырмасымен жеңіске жетті. Бүгінгі күнде алматылық клуб қарсыластар қақпасына голды ең көп соққан команда ретінде көзге түсіп тұр. 17 ойында 39 гол – жаман көрсеткіш емес.
Бұл екі көшбасшы клубтан «Ордабасы» да қалысар емес. Оңтүстікқазақстандықтар өткен турда «Тараздың» қақпасына жауапсыз үш гол соғып, маңызды үш ұпайды қанжығаға байлады.
Бұл турда турнир кестесінің орта тұсындағы командалар нәтижесіз ойын көрсетті. Мәселен, «Тобыл» мен «Қайсар» және «Ертіс» пен «Оқжетпес» арасындағы матчтарда есеп ашылмады.
Маусымның 10-ы күні Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания командасымен ойнайтындықтан, ел біріншілігінде бір апта үзіліс болады.
Бұл турдағы тіркелген нәтижелер мынадай болды:
«Тобыл» – «Қайсар» – 0:0 (0:0). «Астана» – «Атырау» – 4:0 (1:0), Кабананга, 22 (1:0). Граховац, 62 –пенальтиден (2:0). Твумаси, 66 (3:0). Кабананга, 73 (4:0). «Ордабасы» – «Тараз» – 3:0 (2:0), Тұңғышбаев, 5 (1:0). Нұрғалиев, 13 (2:0). Гогуа, 86 (3:0). «Ертіс» – «Оқжетпес» – 0:0 (0:0). «Қайрат» – «Шахтер» – 4:1 (3:0), Гоу, 1 (1:0). Исламхан, 36 (2:0). Гоу, 38 (3:0). Тұрысбек, 82 (4:0). Стоянович, 86 (4:1).
Сұрмергендер сайысы:
Жерар Гоу («Қайрат») – 13, Жуниор Кабананга («Астана») – 11, Алексей Щеткин («Тобыл») – 8.
Маусымның 18-і күні өтетін келесі турда командалар мынадай жұп құрап, өзара күш сынасады:
«Қайрат» – «Тобыл», «Қайсар» – «Ордабасы», «Тараз» – «Ертіс», «Оқжетпес» – «Ақжайық», «Ақтөбе» – «Астана», «Шахтер» – «Атырау».
Өткен аптада Алматының «Қайраты» мерзімі өзгертілген 20-турдың ойынында «Астананы» ірі есеппен ойсырата ұтқан болатын.
Өнеркәсіп әлеуетінің экономикалық негізі
Экономика • Бүгін, 08:25
Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:20
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Тарих • Бүгін, 08:17
Тағзым • Бүгін, 08:15
Ұлы дала ғұламалары және Түркістан
Аймақтар • Бүгін, 08:13
БҰҰ мінберінен сөйлеген біртуар қайраткер
Тұлға • Бүгін, 08:10