Аудан орталығына жұмыс іздеп келген Ленинское ауылының 25 жастағы тұрғыны 47 жастағы әйел мен оның кәмелет жасынан асқан ұлын кездейсоқ жолықтырып, таныстықтың ақыры арақ ішуге, одан әрі дау-жанжалға ұласады.
Екі адамды өлтірген ауыл тұрғыны бейнебақылауға түсіп қалған.
«Аудан орталығында 12 бейнебақылау жұмыс істейді. Олардың көмегімен жыл басынана бері 95 әкімшілік, 2 қылмыстық заң бұзушылық анықталды», дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Қайрат Бимендин.
Алдағы уақыттта бейнебақылау камералары Полтавка, Астраханка елді мекендеріне орнатылады.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»