ЭКСПО-2017 • 28 Маусым, 2017

100 шақырымға – 1 литр бензин

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 қалашығының аумағында әлемдегі ең кішкентай және жанар-жағармайды ең аз пайда­лана­тын көлік таныстырылуда. Жүргізу­шімен қосқанда екі-ақ адамға шақтал­ған автомобиль көлемінің шағын­дығы­мен және айрықша дизайнымен көпшіктің назарын аударды. 

100 шақырымға – 1 литр бензин

Қазақстан нарығында көптеген жыл­дар­дан бері қызмет ететін ұлы­бриа­та­ниялық «Шелл» компаниясы автомобильді экома­рафонға қатысу үшін арнайы құрас­тырып шығарған. Азияда және Еуропада ұйымдастырылатын мұндай шара аз жанар-жағармай жағу арқылы ұзақ қашықтықты бағындыратын көлікті анықтауды мақсат етеді. Ал бұл автомабиль бар болғаны бір литр бензинмен жүз шақырымға жүре алады. Максималды жылдамдығы – 45 шақырым/сағат. Салмағы – 295 кг. «Иамаха» скутер моторымен жабдықталған көлік газбен де қозғала алады. 
«Дәл қазіргі кезде оның багына «Шелл» компаниясының «Ай-95» маркалы жанар­майы құйылған. Дүние­жүзі бойынша автомобильдің төрт данасы ғана бар. Алдағы уақытта ЭКСПО қонақтарын мінгізіп, әрі-бері жүруге мүмкіндік болады. Әзірге көпшілік назарына көру үшін ғана ұсынудамыз. Көлікті әлі нарыққа шығарып, саудала­ған жоқ. Бірақ бағасы – 30 мың доллар­дың шамасында», дейді компания өкілі Құндыз Ахметкәрімова.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»,

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан