Сағындық Лұқпанов – 1960 жылы дүниеге келген. 1983 жылы Гурьев темір жол көлігі техникумын, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын бітірген. Еңбек жолын Маңғышлақ белгі беру және байланыс дистанциясында электромонтер мамандығы бойынша бастады. 1983-1989 жылдары осы дистанцияда электромеханик, аға инженер, өндіріс учаскесінің бастығы, дистанция бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1991 жылы Гурьев белгі беру және байланыс дистанциясының басшысы, 1999 жылы Ақжайық Бас белгі беру және байланыс дистанциясының директоры болып тағайындалады. 2002 жылы Магистральды темір жол желісі Атырау бөлімшесінің директоры, 2007 жылы «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы магистралды теміржол желісінің бас инженері болып қызмет атқарды. 2007 жылдың 1 қарашасынан 2010 жылдың 19 сәуіріне дейін «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры, 2010 жылдың 19 сәуірінен бастап 19 мамырына дейін «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары болды. 2010 жылдың 1 маусымынан бері «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып қызмет атқарады. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап бүгінге дейін Атырау облыстық мәслихатының хатшысы болды.
Отбасылы, екі баласы бар. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Құрметті теміржолшы» төс белгісінің иегері, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ