Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұрынғы бір шарада «Үкімет Астанаға көгілдір отын жеткізу жөнінде көп жылдан бері уәде беріп келеді, сол уәдесін қашан орындайды?» деген сауалға «Астанаға газдың қашан жеткізілетіндігін бір Құдай ғана білер» деп жауап беріп, үмітті көңілдердің әптігін басып тастаған еді.

Ал енді жуықта өткен ЭКСПО-2017 көрме алаңында мұнай-газ саласы мен машина жасаудағы жаңа ағымдар мен технологияларға арналып өткізілген конференциядағы сөзінде министр астаналықтардың көңіліндегі үміт шоғын қайта үрледі.
«Біз бүгін жас та, көрікті елордамызды газбен қамтудың мүмкіндігін қарастыру үстіндеміз. Оның түрлі жолдары бар. Бір нұсқасы – метанды, табиғи газды құбыр арқылы жеткізу болса, екінші нұсқасы сұйытылған табиғи газ арқылы қамту. Менің ойымша, маусым-шілде айларында Үкімет бұл жөнінде бір шешімге келеді», – деді Қанат Бозымбаев. Оның үстіне мұнымен де шектелмей:
«2030 жылдан кейін біздің елімізде газ дәуірі болады деп күтілуде. Соған орай алдымызда электр энергетикасының бір бөлігін газға көшіру жұмыстары күтіп тұр. Өйткені, еліміздегі көмірсутегі кен орындарынан газды молынан өндіруге болады. Оның үстіне, қазір босқа кетіп жатқан газды ақшаға айналдырудың мол мүмкіндіктері туындап келеді. Сондықтан бізге көгілдір отынға қажетті инфрақұрылымдарды қазірден бастап қамдап, сол кезеңге дайын тұруымыз керек» деп, ел өңірлерін газбен қамтуға қатысты тұжырымды ойларын да жеткізе кетті.
Демек, Астанаға газ жеткізу мәселесінде бір жақсылықтың нышаны сезілгендей. Өйткені министрдің сөзінде өзгеріс бар. Ал бұған не себеп?
Осы сұраққа өз бетімізбен жауап іздеп көрдік. Сонда бір байқағанымыз қазіргі жаңа технологиялар көгілдір отынды өндіру, өңдеу және тасымалдау ісін бұрынғыға қарағанда жеңілдете түскен. Осыған орай бірқатар сарапшылар энергетика саласындағы мұнайдан кейінгі аралық кезеңнің басты өнімі газ болады деген пікірлер білдірген.
Әдетте көгілдір отынның жер астында мұнаймен бірге кездесетіндігі белгілі. Біздің еліміз болса, мұнай қорларының молдығымен әйгілі. Өкінішке қарай, сол мұнаймен бірге жер бетіне шығатын газды өңдеп, тасымалдау жұмыстарының қиындығынан, олардың көбі ауаны босқа бүлдірмес үшін түрлі айдау жолдарымен қайтадан жер астына жіберіледі екен. Ал енді бір бөлігі кен орындарына таяу маңайда орналасқан өңірлер халқының тұрмыстық қажетіне жаратылуда.
Енді Қанат Бозымбаев айтқан Астанаға газ жеткізудің екі нұсқасына қайтадан келсек, оның біріншісі – құбыр арқылы жеткізу нұсқасына отандық «ҚазТрансГаз» компаниясының ынта танытып отырғанын білеміз. Қызылорда облысы – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша тартылатын құбыр арқылы жеткізілетін бұл көгілдір отынның әр текше метрінің бағасы, соңғы деректер бойынша, 61 теңгеден айналмақ.
Енді екінші нұсқаға келсек, оның да мүмкіндігі мықты. Бұл әдістің ерекшелігі алыс қашықтықтан табиғи газды тиімді түрде жеткізу үшін ол арнаулы операциялар арқылы сығымдалып, салқындатылады, сұйытыла түседі. Осылайша оның көлемін 600 есеге дейін сығымдауға болады. Сөйтіп, газды құбыр тартпай-ақ арнаулы жабдықталған кез келген көлік түрімен қажетті нүктеге жеткізуге жол ашылады. Кейінгі кездері «виртуалды тұрбақұбыры» деп аталып жүрген бұл нұсқаны бізге ресейлік компания ұсынып отыр.
Ресейдің сұйытылған газы қазірдің өзінде Астананың газ рыногын жаулай бастады. Көптеген жеке үй иелері ауласына газгольдер орнату арқылы оны пайдалану үстінде.
Соңғы деректерге қарағанда, «Мем-сараптама» РМК «ҚазТрансГаз» ұсынған жоғарыдағы жобаны мақұлдап та үлгірген. Алайда, соңғы шешімді Үкімет айтатыны түсінікті. Бірақ қалай алып қарағанда да, енді оған тездетіп бір байламға келуге тура келеді. Өйткені, ендігі үнсіздік Астананың газ рыногын өз бетімен әрекет етуге алып келетіндігін уақыттың өзі көрсетіп отыр.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар