Аймақтар • 07 Шілде, 2017

"Қайырымдылық керуені" акциясы Атырауда жалғасты

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы Атырауда жалғасты.

"Қайырымдылық керуені" акциясы Атырауда жалғасты

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы бөлімшесі ұйымдастырған «Екі жұлдыз» фестивалінде этномәдени бірлестік мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге өнер көрсетті. Ән айтуға ынтасы бар балалар концертке алдын ала дайындалды, оларға облыстағы ең мықты музыка мамандары көмектесті. Сахна шеберлігін, ән айту мен билеуді үйретіп қана қоймай, әдемі киімдер де ұсынды.

Жақсылық пен жылылықты бөлісуге үндеуді мақсат еткен шарадан жиналған қаржы «Атырау-шағын ел» қоғамдық қорына табысталды.

-Өздері де көмекке мұқтаж бола тұра жағдайы қиын жандарға қуаныш сыйлаған балалардың өнері ерекше әсер етті. Қазақстан халқы Ассамблеясына осындай игі шараны қолға алғандары үшін ризашылығымды білдіремін, - дейді қоғамдық қор төрағасы Ерлан Күмісқалиев. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау