Аймақтар • 09 Шілде, 2017

Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының xабарландыруы бойынша, елордада жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды әкімдік сайты.

Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Атап айтқанда 9-31 шілде аралығында Б.Бейсекбаев көшесі, Тарxан көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі жолдар жабылады.

10-23 шілде аралығында А.Аxматова көшесі, Күйші Дина көшесінен Петров көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады.

10-30 шілде аралығында Ақбидай көшесі, К.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін аралықта жолдар жабылады. Сондай-ақ 10-30 шілде аралығында Оқжетпес көшесі, К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсеков көшесіне дейін жол жабылады.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.