Аймақтар • 12 Шілде, 2017

Жауынгерлер зиратына күтім қажет

221 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Семейдің Знаменка трассасы мен Силикат зауыты маңында «Бауырластар зираты» бейіті бар. Ал Ұлы Отан соғысы кезінде Семейде жауынгерлерге арналған 4 госпиталь ашылған екен. Офицерлер мен сарбаздар майданда жараланған кезде осы госпитальдарға жіберіліп, емделген соң қайтадан соғысқа аттанып отырған. Мұнда 1941-45 жылдары барлық майдан шебінен түрлі ұлттың өкілдері келіп түскен.

Жауынгерлер зиратына күтім қажет

Қайтыс болған жауынгерлер осы «Бауырластар зиратында» жерленген. Қаладағы со­ғыс және еңбек ардагерлері ке­ңе­сі төрағасының орынбасары Ра­ши­да Хасанова ұзақ жыл­дар бойы осы зираттарды жөн­деу­мен айналысты. Оның айтуынша, «Бауырластар зиратында» Ке­ңестер Одағының он бес рес­пуб­ликасынан майданда ауыр жа­ра­ланып, осы госпитальдарда қай­тыс болған жауынгерлердің мү­рделері жатыр. 
– Негізінде, бұл екі зират 1990 жылдарға дейін Үкімет қа­рауында болды. Жан-жағы қор­шалған, күтімге алынған еді. 1991 жылдан бастап майдангер жауынгерлердің зираттары мүл­де қараусыз қалды. 1998-99 жы­л­дары қаладағы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Бау­ыр­ластар зиратына» обелиск қой­ғыздық. Нақты анықталған 43 жау­ынгердің есімі ғана обелиске толық жазылды. Қалғандары бел­гісіз. Зираттың бауырласт­ар деп аталуы да сондықтан, бе­л­гісіз жауынгерлердің бір жер­де жерленуі. Сонымен, 1991 жыл­дан бастап қабірлердің қа­рау­сыз қалғаны былай тұрсын, ба­сындағы темірлерді, металдар­ды, қоршауларды ұрылар тонап, та­лан-таражға түсірді. Сон­дық­тан да 2008 жылы ардагерлермен бір­г­е «Шығыс» өңірлік әс­кери қол­басшылығындағы қол­бас­шы­ның кеңесшісі, от­став­ка­дағы генерал-майор Александр Мартыновқа өтініш жасадым. Зиратты қайтадан қалпына келті­ріп беруін өтіндім, – дейді Рашида Ашрафқызы. 
– Ойпырмай, мұндай қасиетті жұ­мыстан бас тартуға бола ма? Бұл жерде жатқан жауын­гер­лер бейбіт күнді, Ұлы Же­ңіс­ті армандап кетті. Сол үшін қан­дары төгілді. Олар Отанын қор­ғады. Енді, міне, қараусыз жа­­тыр, – дейді генерал-майор Александр Мартынов. – Ра­ши­да Ашрафқызымен бірге зират басына бардым, быт-шыт. Қай­тыс болған жауынгерлердің су­­реттерін алып тастаған, әр қа­бірдің басындағы аты-жө­ні жазылған, туған жері, ұлты бел­гіленген тақтайшалар жұ­лын­ған. Кім екендіктері мүлде белгісіз болып қалыпты. Осының бәрін қайта қалпына келтіру керек болды. Силикат зауыты маңындағы зиратты №28738 ә­скери бөлім, ал Знаменка тра­с­сасы бойындағы зиратты ин­­женер-сапёрлердің әс­кери құ­ра­мы жауапкершілігіне алды.­­ Сөй­тіп, 2008-2013 жылда­ры бел­гі-ескерткіштерді қал­пы­на кел­тіріп, өсіп кеткен арам­шөп­тер­ді тазалап, бояп-сырлап, біраз дү­ниені қалпына келтірдік. Бірақ тү­бегейлі жөндеу үшін қомақты қа­­ражат керек екен. Мұнда жат­қан майдангер жауынгерлерді еш­қашан ұмытуға болмайды.
– Әрине, бұл зиратты сар­баз­дар­дың күтімге алуға ты­рыс­қан­да­ры мені қуантты. «Шығыс» өңір­лік әскери қолбасшылығына көп рахмет, – дейді Рашида Аш­рафқызы. – 1941-45 жылдары Семейде қанша жауынгер қайт­ыс болып, жерленгені бел­гі­сіз. Се­бебі, эвакуациялық гос­пи­та­льдардың барлық архивтері Ре­сей Федерациясына өткізілген. Мен іздеп жүріп, қаладағы қазіргі за­ман тарихын құжаттандыру ор­та­лығынан, яғни Семей қалалық ар­хивінен №3593 госпиталінде қайтыс болған 101 адамның ғана құжатын таптым.
Жалпы, қала тұрғындары 2013 жылдан бастап, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесінде ар­дагерлермен бірге, көпшілік тағ­зым ету үшін қабір басына барады. Биылғы жылы да осы жерге келіп, гүл шоқтарын қойып, Ау­ған соғысы ардагерлерімен бір­­ге еске алудың дәстүрлі жиы­нын ұйымдастырды. Десек те, зи­раттарды қалпына келтіру жұ­мы­с­ы сонау 2008 жылдан қолға алынса да, әлі аяқталған жоқ.
Ал Силикат зауыты маңын­да­ғы №3593 эвакуациялық гос­пи­тальда қайтыс болып, жерлен­ген­дер зиратының жағдайы күн­нен-күнге төмендеп барады. Қа­ңыл­тырдан қойылған белгілер қап-қара болып ұсқынсыз күйге түскен. Зират аумағын қалпына келтіру үшін қомақты қаражат керек. Және қолдау мен қамқорлық қатар жүргені абзал. Қабірлерді аралап, фотосуретке түсіру барысында өзім де әлденеге сүрініп, құ­лап кете жаздадым. Өйткені, барлық жерді белуарға дейін арамшөп басып кеткен. Бұл не, ағаш па, томар ма деп сүрінген нәрсеме үңіле қарасам, креске ұқсас дүние болып шықты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист

СЕМЕЙ

Суреттерді түсірген автор