Футбол • 25 Шілде, 2017

Қазіргі бар ойымыз «Астананы» жеңу – «Легия» ойыншысы

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсы ойын алдында «Легия» ойыншысы Михал Кухарчик 2014 жылы тағы бір қазақстандық клуб «Ақтөбеге» қарсы өткен ойын жайлы өз әсерімен бөлісті.

Қазіргі бар ойымыз «Астананы» жеңу – «Легия» ойыншысы

«Бұл матчта екі нәрсе есімде сақталып қалды. Ең біріншісі – ауа райы. Күн райы бұл күні бізге біраз қиындық тудырды. Ал екінші есімде қалғаны - 1:0 есебімен ұтқанымыз, сондай-ақ жауапты матчта да басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алдық», деді «Легия» ойыншысы.

Сонымен қатар, ол өткен маусымда «Реалға» қарсы ойын жайлы да пікір білдірді.

«Бұл матчты ұмыту сірә, мүмкін емес шығар. Бірақ қазір оның бәрін ұмытып, «Астананы» ойлағанымыз жөн», деді Михал Кухарчик.

Айта кетейік, 2014 жылы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» өз алаңында «Легияны» қабылдап, 0:1 есебімен есе жіберсе, екінші ойында жауапсыз екі гол жіберіп алған болатын.

Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»