ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017

Тарихи тараздан – еңселі елордаға

213 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Құрамында 500 адам, 20 түйе, 46 жылқы, 10 жүк автокөлігі, 50 орындық 3 автобус және 6 қызметтік автокөлігі бар тарихи Тараздан еңселі елордаға бет тү­зе­ген көрікті көш. Себебі ағымдағы жылдың 26-30 шілдесі ара­­лығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көр­­месі ая­сында Астана қаласында ежелден алуан түрлi мә­де­ниеттер то­ғысып, таң­дайы жырға, маңдайы нұрға бөлен­ген шай­­ырлар ме­­кені, мың­жыл­дықтар мұрасының көне жұрты Жамбыл обл­ы­сы­ның күндері өте­ді.

Тарихи тараздан –  еңселі елордаға

Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің ақпа­рат­тық алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ер­қа­нат Ман­жуовтың, Ауыл ша­руашылығы басқармасының бас­шысы Нұржан Нұржігітовтің, Мәдениет, архивтер және құ­жат­­тама басқармасының бас­шы­сы Дүйсенәлі Бықыбаевтың қа­тысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті.

Спикерлердің сөзінше «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені 20 мамырда жолға шыққан. Келісті керуен Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы 10 елді мекенге аялдап, әр жерде киіз үйлер тігіліп, үлкен сахналарда түрлі шаралар ұйымдастырылған. Екі айлық жол жүрген керуен 26 шілдеде Астана қаласына ат басын тірейді. Керуенді қарсы алу шаралары «Хан Шатыр» ойын сауық орталығының «Ғашықтар саябағында» өтеді.

Д.Бықыбаевтың айтуынша, облыс күндерінің ашылу сал­та­­натына орай ЭКСПО ау­ма­ғын­дағы «Амфитеатрда» об­лыс­­тық филармонияның «Әуені әсем Әулиеата!» атты мерекелік кон­церті қойылады. Атап айтқанда, бес күн бойы бекітілген кестеге сәйкес «Хан Шатыр» ойын-сау­ық орталығы жанындағы «Ға­шықтар саябағында» облыстық ф­и­лар­монияның, облыстағы жоғары оқу орындарының, аудандар мен Тараз қаласы өнерпаздарының қа­тысуымен концерттік бағ­дар­ла­малар, ұлттық салт-дәстүр кө­рі­­ністерінің қойылымдары көр­се­тіледі.

Ал 29-30 шілде күндері бас қа­ладағы «Қазанат» ипподромында қала тұрғындары мен қонақтарға ұлттық ат спорты түрлері көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарының көрсетілімдері ұй­ымдастырылып халық назары­на ұсынылады. «Этноауыл» қа­ла­шығы маңында қазақ күресі, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, алаңдағы тоғызқұмалақ ойын­да­рының көрсетілімімен қатар құс­бе­гілік және тазы, төбет иттер көр­месі ұйымдастырылады. Ал-
­ғ­аш рет командалық алаңдағы то­ғыз­құмалақ ойынының тұсаукесер рәсімі өткізіледі.

«Сонымен бірге облыстық фи­лармонияның «Әулиеатадан ән шашу», облыстық қазақ драма театрының «Қыз Жібек» сау­ндт­регі, «Алатау» фольклорлық ан­самблінің «Ғасырлар әуені» ат­ты концерті және елімізге таны­мал ақындар мен әншілердің бір­лескен «Бір әуен, бір өлең» ат­ты ән-жыр кеші өткізіледі. 30 шілдеде «Хан Шатыр» ойын-сау­ық орталығы жанындағы алаң­да «Жамбылым қандай тамаша!» атты шығармашылық конце­рт беріліп, Жамбыл облысы күн­де­рінің жабылуына арналған облыс өнерпаздары мен Жамбыл өңі­рінен шыққан белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен Га­ла-концерт ұйымдастырылады», де­ді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Сондай-ақ ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесі аясында Астана қаласындағы Жамбыл облысының күндеріне орай шілде айының 29-30 жұлдызында ауылшаруашылық өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтетін болады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»