12 Қазан, 2011

«Каспий – достық теңізі»

684 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
V халықаралық фестиваль аясында төрт күн бойы ынтымақтастық пен достыққа бағытталған іс-шаралар табысты өтті Қазақстан Республикасы Тәу­елсіздігінің 20 жылдығына орай­ластыра өткізілген фестиваль ІІІ халықаралық Каспий спорттық ойындарымен басталды. Ал осы жылы аталмыш фестиваль ая­сын­да үшінші рет ұйымдас­ты­рылған ІІІ Каспий экономикалық көрмесі іскерлік әріптестік пен достық байланысты бекіте тү­се­тіндей биік дәрежеден көрінді. Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдас­тыр­ған бұл көрме «Каспий» өңірінің экономикалық әлеуеті» аталыпты. Оған Қазақ­станның, Ресей, Әзер­байжан және Иранның бизнес құ­рылымдарынан 200-дей өкіл мен 40-тан астам кәсіпорын қаты­сып, өз өнімдерін әкелді. Көрменің салтанатты ашы­луын­­да Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мей­мандарға хош келдіңіздер айтып, тату көршілік пен саяси-эконо­ми­калық және рухани әріптестіктің берері мол екендігіне тоқталды. Иран мен Әзер­байжанның Ақтау қаласындағы бас консулдары Мор­тазави Сейед Али Реза мен Рашад Маммадов өндірісті өлкеде инвес­ти­ция­лық ахуалды нығай­ту­ға барлық жағдайлар жасалғанды­ғын, со­ның нәтижесінде Каспий аймағы елдерінің арасындағы эко­но­ми­ка­лық байланыстар күн санап нығайып отырғандығын жеткізді. Екі күнге созылған көрмеге қатысқандар өнімдермен жете танысып, өзара тәжірибе ал­мас­ты. Алдағы уақыттағы іскерлік байланыстар жолдарын белгіледі. Әрбір ел, әрбір кәсіпорын өкіл­дері өз тауарларын сыртқа шығарудың тиімді жолдарын ұсынып жатты. Бұл әңгімелер теңіз жағалауы ел­дері­нің эко­но­ми­касын жүйелі түрде ықпал­дас­тыра түсуге арналған «Кас­пий маңы елдері ын­тымақ­тас­ты­ғының келешегі» атты дөңгелек үстел отырысында одан әрі жалғасты. «Мұнайшы» стадионында сал­танатты түрде ашылған V ха­лық­аралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі қала тұрғын­дары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй, сән-салтанат сый­ла­ды. Эстрада жұл­дыздары қа­тыс­қан гала-концерт түн орта­сына дейін толас­та­ма­ды. Фестиваль аясында ұйым­дас­тырылған спорт­тық жарыстар, халық­ара­лық қолданбалы қолөнер бай­қауы да Каспий жағалауында ор­наласқан мемлекеттердің ара­сын­дағы достық байланыстар­дың қай салада да тереңдей түскендігін байқатты. Сөйтіп, төрт күнге созылған «Каспий – достық теңізі» фестиваліне қатысушылар өз елдеріне жаңа достар, сенімді серіктестер, арманы асқақ әріптестер тауып, көтеріңкі көңіл-күймен аттанды. Жоламан БОШАЛАҚ. Ақтау.