Медицина • 11 Тамыз, 2017

Мектеп реформасы – қажеттілік

2593 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Жыл сайын жалпы орта білім алған мың-мың­да­ған жастардың жаңа ле­гі өмірге араласады. Олар осы өмір­ге қандай әзір­­лік­пен қадам басты? Ер­теңгі еліміздің өрке­ниетті дамуы да соған бай­ланысты. Білім адами капиталдың ең бас­ты құндылығына айналып отырған ХХI ғасырда түлектерге қойылатын та­лап – олардың интел­лек­­туалдық даму деңгейі, бі­лім сапа­сы жоғары бол­уы. Осы мақ­­сатта еліміз­де жал­пы білім беретін оқу жүйесінде соңғы жыл­дары не­­бір ауқымды ре­форма жүзеге асырылды.

Мектеп реформасы – қажеттілік

Соңғы ондаған жылдар бо­йы жас­тарды ХХI ғасырдың шы­ғар­­­машылық, небір күрделі ин­тел­­­лек­туалдық мамандықтар әлеміне арнайы дайындайтын инно­­вациялық мектептер жүйе­сі – гимназиялар, лицейлер, ма­ман­дандырылған дарынды балалар мектептері қалыптасып, да­мып келеді.

Жалпы, білім берудің әлемдік практикасында тиімділігі нақты дәлел­денген озық тәжірибелерге сүйене отырып соңғы нәтижеге бағытталған, тұрақты сапалы бі­лім беру, білімді бақылау мен ба­ғалаудың бірыңғай иннова­циялық әдістері жүзеге асырылуда.

Осы жылдары оқушының бі­лім стандартын қандай дәреже­де меңгергені, мұғалімнің білім беруде кәсіптік шеберлік деңгейі нақ­ты көрінетін, мектепке де, ата-анаға да тәуелсіз, білімді сырт­тай бақылап, бағалаудың мем­лекеттік ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) моделі мол тәжі­ри­­бе жинақтады.

Мамандандырылған мектеп­тің жоға­­ры сынып­тарында ин­но­­вациялық-педаго­гикалық тех­­­­­но­­­­логияны кеңінен қол­дану­да қосарланған сабақ өткізу тә­жі­­ри­­бесі жыл сайын жетілді­ріліп отыр. Әсіресе, теория­лық күр­делі материалдар мен зертхана­лық жұмыстарды, тереңдетіліп оқыты­латын арнаулы және таң­­дау пән­дерін оқыту­дағы қо­сар­­лан­ған сабақтардың оқыту үр­ді­сін­дегі білім­ділік мүмкіндігі жо­ғары.

Өткен оқу жылында да білім сапа­сын же­тілдіруге қатысты көлем­ді реформалық өз­герістер енгізілді. Оқушылардың функ­ция­­лық сауаттылығын дамыту бағы­тында «математикалық сауат­­тылық», «оқу сауатты­лы­­ғы» тү­­сінік­тері енгізіліп, бі­лім мазмұнына үлкен өзгеріс жа­сал­ды. Таңдау пәні екіге көбей­тіліп, тестілік сұ­рақтар күр­де­лен­дірілді. Оқу­шылардың фун­­к­ция­лық сауа­тын дамытуға ерек­ше көңіл бөлінуі – әлемдік бі­лім беруде бүгінгі білім сапасына қойылып отырған басты талап­тың бірі.

Функциялық сауаттылық де­ге­німіз – оқу­­шының жалпы дү­ние­танымдық, ертеңгі өмірде бағдар жасауға қатынасты тео­рия­лық білім­дер мәнін те­рең түсіне отырып, оны әртүрлі салада нақты қолдана білу қабілеті мен дағдысын қалыптастыру, күнде­лікті адами қатынаста, әлеумет­тік байланыста кездесе­тін тіршілік міндет­терін жан-жақты практикада шеше білу.

Халықаралық PISA, TIMSS зерт­теу­лері қазіргі уа­қыт­та жалпы білім сапасы­ның өм­ірі­­мен байланыс­ты тиімділі­гін баға­лаудың әм­бе­бап құралы болып саналады. Мектеп қабырғасында-ақ оқушы білімнің теориялық мә­нін терең түсініп, өмірге бел­сенді, шығармашылық ойлау тұрғысынан қатынаса отырып, практикалық шешім жасай бі­лу дағдысын қалыптастырып, кәсіби жолын дұрыс таңдай бі­луі тиіс.

Енді алдыңғы жылдарда, одан бер­гі өт­кен оқу жылында жүр­гізілген, жүргізіліп жат­қан өзгерістер мен реформаларының бүгінгі заман талабына сай білім берудегі кейбір мәселелеріне тоқталсақ.

Ақпарат құралдары талдап көр­сет­­кен­дей, («Көзден бұл-бұл ұш­қан 140 балл» «ЕҚ», 4 шіл­де 2017 жыл), мектептер өт­кен оқу жылы білім сапасын айтар­лықтай төмен түсіріп алды. Биыл­ғы білімнің ең жоғары көр­сет­кіші – 140 балл.

Жыл басында-ақ соңғы он­даған жылдар бойы оқушы білі­мін объективті баға­лауда оңтайлы тәжірибе жинақтаған тесті­лік бағалау моделі – ҰБТ-ға қарсы жағым­­сыз пікір­лер айтылды: ҰБТ оқушылар­ға қы­сым жасайды, олардың жүй­ке­сі­не сал­мақ салады, оны білім рейтингінен алып тастау керек деушілер көбейді. Сөйтіп, жал­пы жұртшылық, ата-аналар, мұға­лім­дер мен оқушылардың өзі де арқасын кең­ге салып, тес­ті­лік бақылау моделі енді қол­­данылмайтындай, тіпті білімге нақ­ты талап болмайтындай көр­ді.

Бірақ Білім және ғылым ми­нистр­лігі жоғары оқу орындарына түсушілерге мем­­лекет­­тік ҰБТ моделін сақтап қалды. Біз­­дің­ше, бұл бірден-бір дұрыс ше­шім болатын.

Дей тұрғанмен, ҰБТ-ға  кіретін пән­дер және де олардың маз­мұнын айқындауда үлкен іркіліс болды. ҰБТ-ның бас-аяғы оқу жылының соңғы жартысында ғана анықталды. Мемлекеттік емтиханның функциялық сауаттылыққа қатысты материалдары асығыс құрастырылып, мағы­налық та, логикалық та қателік кетті, ғылыми жүйеге кел­меген, оқушылардың дайын­дығына қиындық келтірген жағдай­лар кездесті.

Біздің ойымызша, мектептегі білім сапасын жетілдіруде ҰБТ моделіне реформа жаса­сақ та, мектеп практикасында білімді объективті, тәуелсіз бағалайтын жағымды тәжірибені сақтап қалуымыз қажет. Бұрын оқушы сабақ процесінде білімді күнде­лік­ті баға алу үшін оқитын. Бі­лім баға алумен шектеліп, ке­йін есте ұзақ сақтала бермей, ұмы­тылатын.

ҰБТ әрбір оқушының білім стандар­тын­дағы бағдарламалық материалды терең, жан-жақты меңгеруін ұзақ уақытқа есте сақ­тауын талап етеді. Ол оқушының міндет­ті және таңдаған пәнде­рінен білім стандарты талабы­на сай заңдылықтар мен ере­же­лерді, құбылыстар мен оқи­ғаларды терең меңгеруіне қо­лайлы жағдай жасайды.

Екіншіден, ҰБТ-ның ондаған жылдар бойы атқарған тарихи миссиясы – білім сапасын көтерді. Мұғалімдер бағаны жасанды көтеріп бағалауды қойды. Жоғары және арнаулы оқу орнына жастарды қабылдау олардың білім дәрежесіне қарай шынайы жүрді. ҰБТ бұл міндетті тиісті дәре­жеде атқара білді. Осы бағыт­та ҰБТ-ның мүмкіндігі әлі де мол. Оқушының саналы білім алуы­на, мұғалімдердің сапалы бі­лім бере білуіне тікелей ықпал еткен ҰБТ білімдік факторға айналғандығын мойындауға тиіспіз.

Демек, мектептің білім беру­де мем­лекет­тік стан­дартты қан­дай дәрежеде жү­зе­ге асы­рып жат­­қанын қатаң бақылауда ұста­­ғы­­мыз келсе, мектепке де, ата-­анаға да, оған мүдделі ағар­ту мекемелеріне тәуелсіз мем­лекет­тік ҰБТ моделінің жұ­мы­сын одан әрі жетілдіруде, ең бас­ты­сы, ұйымдастыруда тікелей компью­терлік-электронды жүйе арқы­лы, әр оқушының білімін объек­тивті бағалауға қолайлы мүмкін­дік жасауға тиіспіз. Оған бүгін­гі таң­да материалдық-тех­ника­лық жағдай жеткілікті.

Педагогика ғылымында ай­қындалған, әлемдік тәжіри­беде, өзіміздің күнделікті практика­да да көзіміз көріп отырған жағ­дай – жалпы білім беруде, білім сапа­сын барған сайын жетіл­діруде бүгінгі таңдағы бас­ты кедергі ең алдымен, мектеп­тің оқу жоспарына байланыс­ты. Бүгінгі таңда мектептің жо­ға­ры сыныптарында 19-дан 23-ке дейін пән оқытылады. Әр пән бағдарламасы сол ғы­лым­­ның ХХI ғасырға дейінгі да­му деңгейін, ертеңі мен бүгі­нін то­лық қамти отырып құрас­тырылғанын ескерсек, 19-23 пәннен берілетін осынша­ма бі­лім көлемі бір оқушыға түсе­тін «сал­мақ» екенін тіпті бір кезек ойлап та жатпайтын сияқ­тымыз. Яғни, оқу жоспары оқу­шыларға бейінді білім алу принципіне емес, кеңес мекте­бінен бері өзгеріссіз ке­ле жат­қан жалпыға бірдей міндетті энци­клопедиялық білім беру принципіне негіз­делген. Бұл «Білім туралы» заңның жоға­ры сынаптарда оқушыларды өз қабі­летіне, таңдаған болашақ мамандығына, өзіндік қызығу­шылығына қарай «саралап және даралап» оқыту талабына мүлде қайшы. Әр жеке тұлғаның өз қабі­лет-икемділігіне қарай әлем­дік деңгейде бірыңғай бейінді білім беруді жүзеге асыруға тиіс мамандандырылған дарынды балалар мектебінің өзінде де сол пәндер дәл сол мазмұнда, толық­тай оқытылады.

Оқу жоспарындағы бейінді жә­не міндетті пәнге берілетін уа­қыт көлемінің жай пәндерден айыр­машылығы жоқтың қасы. Оқу­шы түске дейін алты сағат оқу жос­парындағы пәндерді оқи­ды. Түс­тен кейін 4 сағат ертең­гі сабаққа – үй тапсырмасына әзірленуі және факуль­татив­тік сабақтарға, арнаулы курс­тарға қаты­суы керек. Осы­лайша, оқушының бір күн­дік жұмыс уақыты 12-14 сағаттан асып жығы­лады. Нәтиже кері­сін­ше. Өйткені, бұл жағдай оқу­шы­ға да, мұғалімге де өз кү­шін, мүмкіндігін бір бағытта – бейінді, міндетті пәндерді жан-­жақты терең­детіп оқып, бағдарламалық материалды бейін­ді білім алу талабына сай меңгеруіне мүм­кіндік бермейді.

Сондықтан да қазір оқушы ҰБТ-ға, мемлекет­тік емтиханға әзірленуі үшін мек­­­теп­тен тыс репетитор жалдайды, шпар­галка әзірлейді, тестінің әзір жауабын сырт­тан көшіріп алу үшін түрлі байланыс құралдарын жаппай қолданады. Бұл барлық жерде әдеттегі жағдайға айналды.

Демек, ең алдымен бүгінгі мектептің оқу жоспарына реформа жасалмайынша, мектепке жасалған басқа реформалар толық­қанды жұмыс істей алады деп айту қиын.

Биыл­ғы тағы бір өзгешелік – түлектер мек­теп бітірерде және ЖОО-ға түсерде екі фор­матты мемлекеттік аттестаттаудан өту емти­ханын тапсырды. Бұл жаңалық емес, ҰБТ қолданысқа енгенге дейін оқушылар біті­­ру емтиханын мектепте, оқу орын­да­рына қабылдану емтиханын сол оқу орнының өзін­де тапсырып келді. Мұндай жүйе өзін ақтаған жоқ. Оның тиімсіз, субъективтік жағы басым болғандығын жұртшылық ұмыта қойған жоқ.

Биыл да сол кемшіліктер қай­та­лан­ды. Мектептің емтиханды өзі алуы мұға­лім­дердің өз еңбек дәрежесін өздері баға­лауына, оқу­шы білімін бұрынғыдан гөрі көтеріп бағалауға соқтырды. Ата-аналар мұғалімдерге, мұға­лім­дер оқу­шыларға «көмекте­суінен» өзге жаңалық бо­ла қой­мады.

Күнделікті көріп отырғаны­мыздай, мек­тепті аяқтаушы түлек­ті ғана емес, 9-­сы­нып­ты аяқтау­шыларды да мектеп­те мем­ле­кеттік ат­тестаттаудан өт­кізу­дің білім­дік мәні тым төмен­деп кетті. Сон­дықтан, 9-сынып­ты аяқтаушы оқу­шылардың өзін тестілік бақылау (ҰБТ) арқы­лы аттестаттаудан өткізудің уа­қы­ты кел­ген сияқты. Ол 12 жыл­дық білім алам деген ынталы жастарға сапалы білім алу тала­бын қойып, 9-сыныптан кейін тегін колледжге оқуға бара­тын жастардың өз арасын­да конкурстық жағдай қалып­тастырған болар еді.

Биылғы ҰБТ-дағы өзгерістің бірі – таң­дау пәні екеу болуы. Оның мәнісі түлек­тердің мек­тепті аяқтаған соң мамандық таң­дауына қолайлы жағдай жасау. Тіпті таңдау пәнінің екеу болуы түлектерге 50-ден 100-ге дейін мамандық таңдауына жол ашады деп түсіндіріледі. Бұл пі­кір бұған дейін де болған. Бүгінгі мектеп практикасында көріп отырғанымыздай, онымен келісу қиын.

Біріншіден, оқушылар бү­гін­гі таң­да маман­дықты мектеп бітірген соң таң­дамайды. Ба­ланың қабілет-икемділігі 7-8 сы­ныпта, әрі кеткенде 9-сыныпта то­лықтай айқындалады. Бұл кез­дегі мектеп­тің, ата-ананың ең бас­ты міндеті – оқушыға нақты кә­сіптік бағдар беру. Осы негізде ғана жалпы білімнің жоғары саты­сында оқушыға бірыңғай бейінді білім беру жүзеге асырылды. «Бейінді білім» оқушыға алдын ала, өз қабілетіне, қызы­ғу­шылығына қарай бір маман­дыққа теориялық, практикалық, психологиялық жағынан әзір­леу­ді талап етеді.

Екіншіден, қазіргі жалпы бі­лімнің жоғары сатысында жал­пыға бірдей міндет­ті көптеген пәндер оқытылып отырғанда, таңдау пәнін екеу жасау оның сапасына кері әсер еткен болар еді. Демек, таңдау пәні­нің біреу болуы ондаған жылдар бойы прак­тикада көріп отырғанымыздай, оған қойылатын талапқа сәйкес, сапасының жоғары болуына қо­лайлы әсер етеді.

Тағы бір көңіл бөлетін мәселе – «Ал­тын белгі» иегерлеріне ЖОО-ға түсуде жеңілдік болуы тиіс.

Біздің елімізде ХХI ғасырдың не­бір күр­де­лі интеллектуалдық мамандықтарына ла­йық дарын­ды жастарды дайындайтын ин­нова­циялық жаңа мектеп­тер жүйесі қа­лыптасып, дамып келеді. Әсіресе, ма­ман­­дан­дырылған дарынды балалар мек­теп­тері «Алтын белгіге» үміткер да­рын­­ды жастарға әлемдік деңгейде бі­лім беруде. Біздің мектеп бітіруші тү­лек­теріміздің 80-90 пайызы «Алтын бе­л­гі­ге» ие болды. Олар еліміздің ұлттық уни­верситеттерінде ғана емес, әлемнің ең таңдаулы ЖОО-ларында жоғары білім дең­гейін көрсетіп келеді. Мектебіміздің жүзден астам түлегі соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлем­нің ең таңдаулы университеттерінде білім алды, қазір де оқып жатыр. Демек, алда тұрған міндет – «Алтын белгі» аттес­татына үміт­кер­лерге, шынайы қабілетті жастарымызға әлемдік деңгейде са­палы білім беру бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру, осы жолда оларға барынша же­ңіл­дік жасау.

Нәсіпқали ДӘУЛЕТОВ,

Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

Батыс Қазақстан облысы